ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Вице-министр облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, Мойылды ауылында азаматтарды қабылдады.

 

Алдымен вице-министр «Қазақстан алюминийі» АҚ қарасты №1 жылу-электр орталығында болып, кәсіпорындағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта мұнда №7 қазан-
дық агрегаты мен №8 қазандық агрегатына кеңейтілген ағымдағы жөндеу, сондай-ақ №1 көше турбоагрегатына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорынның бас инженері
Медет Сатовтың айтуынша, 1983 жылы іске қосылған жетінші қазандықта 40 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан экранды қыздыр-ғыштар ауыстырылуда. №8 станциядағы қазандық қондырғысын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Екі қазандық та қыркүйек айының соңына дейін іске қосылмақ.

— «Қазақстан алюминийі» АҚ 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламасына енгізілген бұл шаралар құрал-жабдықтың тозуын 2,2 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарында белгіленген критерийге сәйкес келеді. Сондай-ақ, жөндеу науқаны аясында №1 станцияның турбоагрегатында типтік күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «ERG Service» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Жыл соңына дейін басқа да негізгі және жылу жабдықтарын ағымдағы жөндеуді, №3 түтін құбырын жөндеуді аяқтау жоспарлануда, – деді М.Сатов. Бұдан бөлек, бас инженердің айтуынша, компания алдағы уақытта жылу тарифін көтеруді жоспарлап отыр. Түскен қаражат кәсіпорындағы инновациялар мен инфрақұрылымды дамытуға жұм- салып, құрал-жабдықтар ауыстырылады. Сондай-ақ, қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі де шешілмек. №1 ЖЭО-дағы тағы бір үлкен жоба – жылу беру сұлбасын қайта құру. Бұл — еліміздегі көмір энергетикасындағы бірегей пилоттық жоба. Соның аясында №8 қазандық қондырғысы жаңарып, егер турбоагрегаттар жоспардан тыс тоқтаған жағдайда 112 Гкал дейін жылу беруге қауқарлы резерв сақталады. Сондай-ақ, №5, 6 турбоагрегаттар мен №8 қазандық қондырғысы арасындағы байланыс желісі орнатылады. Бұл турбиналардың желілік жылытқыштары жоспардан тыс өшкен жағдайда жылу беру сұлбасын резервтеуге мүмкіндік береді, — деді М.Сатов. Өз кезегінде вице-министр жылу беру маусымына дайындық мәселелері әлеуметтік маңызға ие екенін атап, жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін қажетті шараларды уақытылы іске асыру керектігін айтты. Бұдан басқа, Бауыржан Омарбеков «Tavi Group» ЖШС-нің сауда-өндірістік цехында болып, матрацтарға арналған жоғары сапалы паралон шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты. Компания Мемлекеттің қолдаудың көмегімен өндірістік цех, жабдыққа арналған ғимарат сатып алды. Кәсіпорын директоры Андрей Слокотовичтің айтуынша, бірегей отандық өндіріс 230 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қазір кәсіпорын айына 100 тоннаға жуық пенопласт өнімін шығарады. Алдағы уақытта оның көлемі де артпақ. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Бауыржан Омарбеков Павлодар облысы әкімдігінің жоба-
лау кеңсесіне барып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу барысымен танысты. Бекітілген өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес жобаларды градациялау және іріктеу бойынша «E-Akimat-365» ақпараттық жүйесінің жұмыс модулі де көрсетілді. Осы жылы жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы 400–ден астам жобаға мониторинг жүргізіледі, оның ішінде «Ауыл — ел бесігі» бойынша 85 жоба бар. Вице-министр Мойылды ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру, елді мекендердегі жұмыс-сыздық мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, азаматтар кентішілік жолдардың жай-күйіне, дәріхана құрылысына және ауылдың бірнеше әлеуметтік нысандарын жөндеуге байланысты мәселелерді көтерді.

 

А.МҰҚЫШЕВ.