«Даму» арқылы істері оңға басты

Қаз 9, 2025

Биыл  бизнестің 400-ден астам жобасы Павлодар облысындағы «Даму» қорының қолдауы арқылы жүзеге асты. Кәсіпкерлер «Бәйтерек» ұйымымен бірге жеңілдетілген қаржыландыру, кепілдік беру және пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау құралдарын қолданып, ұсынылған жобаларды іске асырады. Бүгінде олардың қатарында «Тандем recycling» және «Альфа Сетка» компаниялары бар.

Қазіргі таңда «Даму» қоры ауқымды трансформациядан өтуде. Кәсіпкерлер әдеттегі ережелерді қолданғанымен, неғұрлым тез әрі сапалы нәтиже береді. Яғни, біртіндеп нарықтан тыс тұрақты және ұзақ мерзімді қолдауға ие болады.

Мәселен, осы жылдың маусым айында «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылып, аталмыш әдіс пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудың тиімді бала-масы ретінде кәсіпкерлерге қаржыландыруды кідіріссіз алуға мүмкіндік береді. Мұндай тиімді несие мерзімі 10 жылға дейін 12,6 пайызбен беріледі. Өңірімізде осы бағдарлама бойынша жыл басынан жалпы сомасы 10,9 млрд теңгеге 36 жоба жүзеге асқан.

Павлодар облысында 2025 жылдың қыркүйек айындағы көрсеткіш бойынша кредиттік портфель сомасы 41,1 млрд теңгеге 283 кепілдік шартына қол қойылды, оның ішінде қордың кепілдігі 29,1 млрд теңгені құрады. Жобалардың  көп үлесі ауыл шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп, көлік пен қоймаға тиесілі, ал аумақтық бөліністе Павлодар көш бастап тұр. Сондай-ақ, салалық құрылымда сауда – 31 пайыз, өңдеу өнеркәсібі – 22 пайыз және көлік пен қойма 21 пайызды құрайды.

«Даму» қорының Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалының директоры Арсен Дүйсекин шағын және орта бизнес экономиканы дамытуда шешуші рөл атқаратыны жайлы, мемлекеттік қолдау құралдары кәсіпкерлердің дамуына, жұмыс орындарын құруға және нарықтағы өз позицияларын нығайтуға көмектесетінін айтты.

Сәтті жоба мысалдарының ішінде Павлодар облысында «Тандем recycling» компаниясының қосылуын атап өтуге болады.

Аталмыш жоба бойынша ісі оңға басқан компаниялардың бірі – «Тандем recycling». Олар пайдаланылған аккумуляторлық батареяларды қайта өңдеу арқылы кәріз құбырларын жасайды.

Бұл жоба халықаралық экологиялық стандарттар мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауларына сәйкес келетін аккумуляторларды кәдеге жаратып, қорғасынның ластануын азайту сияқты өткір экологиялық мәселелердің бірін шешеді. Кәсіпорын қайталама шикізаттан, атап айтқанда, ірі тауар өндірушілер мен сауда компаниялары да, жеке тұтынушылар да сұранысқа ие полипропиленнен жасалған кәріз құбырларынан өнім шығарады. Бұл ретте «Даму» қоры 195,5 млн теңге көлемінде кепілдік беріп, ол қолдау кредит сомасының 85 пайызын құрады. Осындай кешенді тәсілдің арқасында кәсіпорын заманауи өндірісті қауіпсіз ұйымдастыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуға мүмкіндік алды.

– «Даму» қорының көмегімен жаңа алаң салдық. Біз кәдімгі кәріз құбырларын шығарамыз. Пластикалық аккумулятор аязға, су мен соққыға төзімді. Бұл пластиктен тіпті автомобиль бамперлері жасалады. Өңір бойынша құрылыс қарқынды жүріп жатқандықтан, сұраныс жоғары. Бір кішкентай акку-мулятордан бір метр кең құбыр жасалады. Қазір іске қосылу сатысындамыз. Біз шамамен 10 мың тонна шығаруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде 24 адам қызметке қабылданды, — дейді өндіріс директоры Павел Горбачев.

Мемлекеттік қолдау тиім-ділігінің тағы бір көрсеткіші – Павлодар облысындағы торрабица және Метиз өнімдерін жетекші өндірушілердің бірі «АльфаСетка» компаниясы. 2022 жылы негізі қаланған компания ісін шектеулі ресурстар жағдайында бастаған еді. Ал 2023 жылы «Даму» қоры айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені 6 пайызға дейін субсидиялауды ұсынды. Бүгінгі таңда кәсіпорын логистиканы айтарлықтай үнемдеуге және
сатып алушылардың қажетті-ліктеріне тез жауап беруге мүмкіндік беретін жеке тапсы-рыстармен жасалған сапалы өнімдермен қамтамасыз етеді. Компанияның өндірістік қуаты әртүрлі өлшемдер мен түстердің торын шығаруға мүмкіндік береді, ал автоматтандырудың жоғары деңгейі мамандарға үлкен тапсырыстарды жеңуге мүмкіндік береді.

Соңғы кездері «АльфаСетка» өткізу нарығын кеңейтіп, көршілес өңірлермен етене жұмыс жасап, өндіріс көлемін ұлғайтты. Биыл компания «Өрлеу» бағдарламасы аясында «Даму» қорының кепілдігімен 520 млн теңге сомасына жеңілдетілген несие алды. Бұл қаражат нарықтағы позицияларды нығайту, айналым қаражатын үздіксіз қамтамасыз ету және кәсіпорынның одан әрі жетілуінің негізгі факторына айналды.

Компания дирек-торы Игорь Ефремовтің айтуынша, бастысы – жауапкершілікті  өз мойнына алудан қорықпай, нарықты мұқият зерделеу керек. Ол, сондай-ақ, қаржылық жоспарлауға мұқият болуға және «Даму» сияқты мемлекеттік бағдарламалар мен қорлардан қолдау сұраған жөн екенін айтты.

– Бұл экструдер жабдығынан полимер сымын жасаймыз. Әр түрлі диаметрлер бар. Балаларға  және спорт алаңдарына арналған алаңдарда қолданылады. Ол тіпті біздің Солтүстік температурамыз –40 градусқа дейін төзімді. Иілу кезінде бұзылмай, 50 жылға дейін кепілдік береді. Стандартты тор биіктігі – 1,5 метр, ұзындығы – 10 м орам 20-30 минут ішінде өңделеді. Жеке тапсырыстарға да сұраныс көп, – дейді өндіріс және жалпы сұрақтар бойынша директодың орынбасары Игорь Ефремов.

«Даму» қоры өңірлік эконо-миканың дамуына зор үлес қосуда. Сондай-ақ, Павлодар облысының кәсіпкерлерінің бәсекеге қабілетті болып, нарықтағы деңгейін арттыруға жан-жақты жағдай жасалған.

Салтанат ҒАББАС.