Өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы жасыл желектер табиғи сүзгі қызметін атқаратыны белгілі. Сондықтан бұл аймақтардағы көгалдандыру жұмыстарының сапасы көпшілік үшін маңызды.
Осы мәселеге қатысты облыс әкімі Асайын Байханов жеке жиналыс өткізді. Павлодар үшін көгалдандыру — ең маңызды мәселелердің бірі. Өңір басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес санитарлық аймақты ұстау әрбір кәсіпорынның тікелей міндеті екенін еске салды. Алайда, сандық көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, отырғызу сапасы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Сонымен қатар, санитарлық аймақ — бұл құбырдың айналасында ғана көрсетілген шартты шеңбер емес. Кейбір кәсіпорындарда санитарлық-қорғау аймағы өнеркәсіптік алаңның шекарасынан, ал тағы бірінде ең шеткі шығарындылар көздерінен басталады. Экокеңес мүшелері жүргізген қоғамдық мониторинг ағаштардың жерсіну деңгейінің төмендігін көрсетті. Мәселен, 2022 жылғы ПМХЗ отырғызған көшеттердің жерсінуі 40%-ды құрады. «Қазақстан алюминийі» АҚ және «ҚЭЗ» АҚ санитарлық-қорғау аймағының аумағында өткен жылы 27 мың түп ағаш отырғызылды. Олардың жерсінуі — небәрі 11 %. Облыс әкімі 1 қазанға дейін санитарлық-қорғау аймақтарының шекараларын анықтау алгоритмін қарауды, санитарлық аймақтардың аумақтарында және қосымша учаскелерде тамшылатып суару мәселесін пысықтауды тапсырды. Жасыл массивтер мен белдеулерді құрудың бірыңғай тұжырымдамалық тәсілін әзірлеу үшін 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде кәсіпорындардың өтем ретінде отырғызатын ағаштары үшін учаскелерді анықтап, дендрологиялық жоспарлар ұсыну тапсырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.