Келесі аптада облыс аумағын-дағы «Амангелді» автомобиль бекетінде «CarGoRuqsat» электронды кезегі іске қосылмақ. Дәл осындай жүйе 29 тамыздан бастап «Шарбақты» және «Үрлітүп» бекеттерінде де пайда болады.

Облыстық кірістер департаментінің мәліметі бойынша, 2023 жылдан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында «CarGoRuqsat» электронды кезегі қолданыла бастады. Қазіргі таңда еліміз бойынша мұндай 7 автомобиль бекеті істеп тұр. Нақтысы, Павлодар облысындағы «Найза», Солтүстік Қазақстандағы «Бидайық», Ақтөбе облысындағы «Қарашатау», «Абай облысындағы «Жазкент», Шығыс Қазақстан облысындағы «Үбе», Батыс Қазақстан облысындағы «Ақсай», Қостанай облысындағы «Обаған» бекеттерінде өткен жылы іске қосылған.

Аталмыш электронды жүйенің оң нәтижелерін ескерген жауапты орган кезектің мұндай заманауи түрін биыл еліміздің аумағында Ресей-
мен шекарадағы 14 автомобильдерді өткізу бекетінде біртіндеп іске қосуды жөн көрген.

Алты бекет халықаралық көпбағытты санатқа жатады. Олар – «Шарбақты», «Үрлітүп», «Қызылжар», «Ақбалшық», «Әлімбет». Сондықтан аталған бекеттерде электронды кезекті үшінші елдерге халықаралық транзиттік тасымалмен айналысатын тасымалдаушылар да брондауы тиіс. Қазақстан аумағынан автомобильдерді өткізу пункттерінен шығуды жоспарлаған тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосым-
шасы арқылы электронды кезекке орнын алдын ала борндауы қажет.

Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/ru/start сілтеме-сімен тіркеліп, «CarGoRuqsat» қосымшасына кіру қажет. Шекараны кесіп өтетін күн мен сағатты көрсету керек. Жүргізуші мен автомобиль көлігі туралы мәліметтерді толтырады. Өтінім мақұлданған жағдайда шекарадан өту үшін бекетке уақытылы келу талап етіледі.

«CarGoRuqsat» жүйесінің өзіндік артықшы-лықтары бар. Ең алдымен, шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жүк көліктерінің ұзынсонар кезек қалыптастыруына жол бермейді. Мемлекеттік кірістер органдарына тәуекелдерді басқару жүйесін атвоматты түрде қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «CarGoRuqsat» еліміздің 17 ақпараттық жүйесімен кіріктірілген. Сондықтан жүк тасымалдаушылары қандай да бір айыппұлы немесе берешегі барын, тауарды тасымалдауға тиісті құжаттар рәсімдеу қажеттігі туралы ақпаратты алдын ала алып отырады.

Бүгінде мұндай электронды кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен шекараларында сәтті жүзеге асқан.

 

Г.ТҮГЕЛБАЙ.