Облысымызда қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтілді. Естай атындағы мәдениет сарайында ұлттық валютамыз — теңгенің 30 жылдығына және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты концерт өтті. Облыс әкімі Асайын Байханов ардагерлерді және қаржы жүйесінің қызметкерлерін құттықтады.
— Қазақстанның ақша бірлігі — теңге 1993 жылы 15 қарашада күрделі экономикалық жағдайларда айналымға енгізіліп, мемлекеттік егемендіктің маңызды атрибуттарының біріне айналды. Осы жылдар ішінде қаржы саласының қызметкерлері ел экономикасының қалыптасуына орасан зор үлес қосты. Бүгінде сіздердің алдарыңызда жаңа міндеттер — бюджет ресурстарын тиімді пайдалану, еліміздің экономикалық қауіпсіздігі, ұлттық валютаның тұрақ-тылығын қамту тұр. Сіздермен бірлесіп, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге және өңір халқының өмір сүру деңгейін арттыруға жауаптымыз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қаржылық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған басым міндеттерімізді іске асыра-тынымызға сенімдімін. Осынау айтулы мереке күні баршаңызға мықты денсаулық және амандық тілеймін, — деді өңір басшысы. Көп жылғы адал еңбегі, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімі қаржы саласының ардагері Виктор Бочинге «Облыс алдына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті. Сондай-ақ, өңір басшысы бірқатар қаржыгерлерді облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапаттады. ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі облыстық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының
орынбасары Рысбек Минаимбековке табысталды. «Теңгеге 30 жыл» мерейтойлық медалімен облыстық қазына-шылық департаментінің басшысы Марат Жұмабаев марапатталды. Салтанатты іс-шара Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның мерекелік концертімен жалғасын тапты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суретті түсірген — Есенжол Исабек.