Closeup of businessman making a pyramid with empty wooden cubes. Concept of business hierarchy.

Соңғы екі жылда қазақстандық банктерде 14,6 млрд теңгенің 7,8 мың жалған несиесі ресімделген. Осы мәселені көтерген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары дабыл қағуда.

Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиев «Несиелеу кезіндегі тәуекелдерді азайту және заемщиктердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылуы кезінде мәлім етті. Депутаттар қаржылық алаяқтықпен байланысты қылмыс санының өскенін алға тартты. Жалған несиелердің 82 пайызы алаяқтардың ықпалымен банктердің мобильді қосымшалары арқылы ресімделген көрінеді. Сондықтан, халық қалау-лылары азаматтарды алаяқ-тардан қорғауды күшейту үшін заң жобасына тұрғындардың несие алудан ерікті түрде бас тарту құқығы енгізілетінін айтты. Яғни, азаматтар тарапынан осындай бас тарту құжаты болса, банктер мен микроқаржы ұйымдары несие бере алмайды.

— Ұсыныстардың алтыншы және жетінші блогы Мемлекет басшысының банктердегі стрестік активтер деңгейін төмендетуге және несиелендіруге бизнестің қолжетімділігін кеңейтуге қатысты тапсырмаларын жүзеге асыруға бағыт-талған. Осыған байланысты қаржылық ұйымдардың стрестік активтерді арнайы цифрлық платформалар арқылы сатуды  енгізу бойынша нормалар ұсынылып отыр, — дейді М.Тәкиев. Депутат көтеріп отырған мәселе, өкінішке қарай, облыс азаматтарын да айналып өтпегенін бұған дейін жазған болатынбыз. Алданған тұрғындардың ақшасы шетел асып, алаяқтар миллиондаған несиені мойындарына іліп кеткен. Ең өкініштісі, оны қайтару мүмкін болмай тұр. Сондықтан жаңа заң жобасы тұтынушыларды осындай қауіптен қорғауға ықпал етеді деген үміт бар.

Г.МАҒЖАН.