Кәсіпкерлік — экономиканы дамытудың басты көзі. Соңғы кездері, мемлекетімізде кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары аясында шағын және орта бизнесті өркендетуде ілкімді істер жетерлік. Бүгінде кәсіп ашамын дегендер үшін елімізде барлық жағдай қарас-тырылған. Тек оны игеріп әкететін айқын мақсатыңыз бен талабыңыз керек. Бұған Өңірлік коммуникациялар қызметі мен «Damu» қорының Павлодар облысы бойынша филиалы ұйым-
дастырған баспасөз туры аясында көз жеткіздік.
Бүгінгі таңда елімізде бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары қарқынды жүргізілуде. Әсіресе шағын кәсібін дамытуға ынталы азаматтар үшін мемлекеттен көмек алу — қиын шаруа емес. «Damu» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиал директоры Рустам Қасымовтың айтуынша, қор қызметі микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Сондай-ақ, несиелерді субсидиялаумен қатар ішінара кепілдік береді. Мәселен, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында индуст-риялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпкерлерін қолдау бағыты бойынша жалпы несие сомасы 19,6 млрд теңгеге 247 жобаға қолдау көрсетілді.
— Өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобалар бойынша азық-түлік өндірісі көш бастап тұр. Қолдау тапқан жобалар саны бойынша екінші орында — көлік және қоймалау, көшбасшыларының үштігі — сауда саласына тиесілі. Жобалардың 49 пайызы Павлодар қаласында іске асырылуда. Сондай-ақ, кепілдік беру құралы бойынша несие портфелінің сомасы
11,9 млрд теңгеге 145 жоба қолдау тапты. Кепілдік сомасы 5,8 млрд теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі мен АӨК саласында іске асырылатын жобалар несие беру тетігі шеңберінде қолдау ала алады. Ағымдағы жылы несиенің жалпы сомасы 2,7 млрд теңгені құрайтын 7 жобаға қолдау көрсетілді, — деді филиал басшысы. Сонымен қатар, Рустам Қасымов шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында неғұрлым талап етілетін бағыттардың бірі портфельдік субсидиялау мен кепілдік беру болып табылатынын атап өтті. Бұл ең алдымен, салалар бойынша шектеулердің жоқтығымен және өтінім-дерді оңайлатылған қараумен түсіндіріледі. Биыл портфельдік субсидиялау шеңберінде несиенің жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 148 жобаға қолдау көрсетілді. Мемлекеттің қолдауына ие болған компаниялардың бірі — «Salling Plast Qazaqstan» ЖШС. Бүгінгі таңда аталмыш кәсіпорын пенополиуретанды оқшаулағыш құбырлар шығаруда. Кәсіпорын директоры Ержан Жабаевтың айтуынша, құбырлардың екі қабатты жабыны бар. Атап айтсақ, ішкі — көбікті жылу изоляторынан — полиуретанды көбіктен тұратын құбырлар мен сыртқы — тығыздығы жоғары полиэтиленнен құрастырылған құбырлар.
— Құбырлардың сырты мырыш-талған, ал олардың диаметрі 32-ден 1022 миллиметрге дейін өзгереді. Биыл мұндай құбырлар Екібастұз қаласының жылу жүйелерін жөндеуде кеңінен қолданылуда. Жалпы өнімнің қызмет ету мерзімі 40 жылды құрайды. Біз өз кезегімізде өндірушілер ретінде мемлекеттік стандарт бойынша 2 жыл кепілдік береміз. Біздің кәсіпорын жылына 85 000 метр пенополиуретанды құбырлар мен 12 000 метр арматура шығарады. Сыртқы жылу жүйелері құрылы-сында құбырлар Екібастұз, Алматы, Өскемен, Петропавл, Лисаковск, Рудный қалаларында қолданы-лады, — деді ол. Айта кетейік, аталмыш кәсіпорын мемлекет қолдауының арқасында іске қосылды. 2021 жылы Ержан Жабаев «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие алып, шеберханаға қажет үй-жай сатып алған. Сондай-ақ, 2023 жылы кәсіпорын «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде айна-лымдағы қаржыны толықтыруға несие алды. Бағдарлама бойынша мөлшерлеме 21,75 пайызды құрады. Оның ішінде кәсіпкер 8 пайызын төлесе, 13,75 пайыз мөлшеріндегі айырмашылық мемлекеттік субсидиялар құрайды. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудан басқа, компания «Даму» қорынан несие бойынша ішінара кепілдік түрінде қолдауға ие болды. «Даму» қорының кепілдік мөлшері 172,5 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шеңберінде облыс орталығындағы «ЭкоДом-Павлодар» ЖК де — қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Кәсіпорын директоры Марина Рейдина «2021-2025 жылдарға арналған кәсіп-керлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұлттық өнімдерді шығаруды қолға алған. Ол 2021 жылы Еңбек бағдарламасы бойынша Үкіметтің қолдауының арқасында құрт, қоспа және басқа да ұлттық тағамдар өндірісін іске қосты. Қазіргі уақытта компания ассортиментінде Астана, Павлодар, Семей, Екібастұз және Ақсу қалаларының супермаркеттер желісіне жеткізілетін бұйымдардың 50-ден астам түрі бар. Кәсіпорын директоры Марина Рейдинаның мәліметінше, қазіргі уақытта кәсіпорын «Халал» сертификатын алу үшін сүттен жасалған өнімдерін тексерістен өткізуде. Алдағы бір ай көлемінде тағамның адал екенін растайтын сертификат алынбақ.
– Қазіргі таңда мемлекет қолдауының арқасында кәсібімді дөңгелетіп әкеттім. Менің жасаған кәсібімді кез келген азамат жасай алады деп есептеймін, бұған мемлекеттің қолдауы жетерлік. Мәселен, мен «Даму» қорынан несие алып, өз кәсібімді бастадым. Бүгінгі таңда Қарағанды, Екібастұз, Астана және Павлодарда филиалдарымыз бар. Күніне шамамен екі тонна сүтті өңдеп, түрлі өнімдер жасаймыз. Тұтынушыларымызды қуанту үшін түрлі эксперименттер жасап, жаңаша өнімдер шыға-рудамыз. Мәселен, жасыл, сары алма, құлпынай, шиенің дәмдері қосылған құрттарды өндіреміз. Сондай-ақ, құрт, қоспа, ірімшік өнімдерінен бөлек, сүттен жасалатын ұлттық тағам — балқаймақ ұсынбақпыз, – дейді «ЭкоДом-Павлодар» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Марина Рейдина. Аталмыш кәсіпорын 2022 жылы «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарлама-сының қатысушысы болды. Оның шеңберінде кәсіпкерге мемлекеттік субсидиялар, сондай-ақ, «Даму» қорының кепілдігі берілді. Осындай мемлекеттік қолдаудың шарапатын көрген жас кәсіпкерлердің бірі — Жанар Шопанова. Ол былтыр «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өз ісін бастаған.
– 2014 жылы дектреттік демалыста отырғанда тапсырысқа торт, бәліш сияқты десерттер пісіріп, саттым. Осылайша таныс, туыс, құрбыларға тәтті тағамдар пісіріп отырдым. Кейін тұтынушылардың көбеюіне байланысты кәсіпті үлкейтуді жөн көрдім. Әрі қарай кеңірек орын жалдап, бірнеше адаммен жұмыс істей бастадым. Кейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан несие алып, жеке наубайханамды аштым. Бүгінгі таңда 19 адамды тұрақты жұмыспен қаптып отырмын, – дейді Жанар Шопанова. Сонымен қатар, жас кәсіпкер наубайханадан бөлек, «Caprice House» кофеханасын ашып, өз өнімдерін сатылымға шығарған. Бүгінгі таңда оның тәттілері облыстың 40-тан астам дүкенінде сатылады. Кәсіпкер 2022 жылы «кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде коммерциялық үй-жай сатып алды. Оның шеңберінде субсидиялар есебінен кредит бойынша мөлшерлеме жылдық 6 пайызға дейін арзандатылды. Сондай-ақ, несие сома-сының 49,5 пайызына қор кепілдігі берілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне тоқталып, «Бизнестің дамуына кедергі келтіру мемлекетке қарсы қылмыс жасаумен бірдей» деп атап өтті. Бұл дегеніміз — еліміз шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға жаңа бетбұрыс алғандығы. Себебі, кәсіпкерлік халықтың жағдайын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына өз септігін тигізеді. Ал халық тұрмысының көтерілуі ел экономикасын еселей түседі.
А.МҰҚЫШЕВ.