Өндіріс — жас экологтар назарында

Қаз 23, 2025

Еліміз бойынша жалғыз глинозем шығаратын «Қазақстан алюминийі» АҚ  өндіріс ошағында Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай экскурсия өткізілді. Іс-шараға Торайғыров университетінің экология мамандығының студенттері шақыртылды.

Экскурсия барысында үш  нысан қамтылды. Студенттер қауіпсіздік ережелерімен танысып болған соң, боксит өңдейтін алаңға келді. Бұл — шикізат дайындайтын қоймалардың бірі. Онда 500-600 тонна табиғи өнім дайындалады. Мұндағы басты жұмыс — шикізатты қабылдау, түсіру, тасымалдау, ұсақтау, келесі орынға жеткізу. Алаң аумағында 600 гектар жерді алып жатқан үш шламсақтағыш орналасқан. Экологтардың сөзінше, құрамында көп мөлшерде кальций болғандықтан, оларды жол жөндеу жұмыстарына пайдалануға рұқсат етілген. Кейін болашақ экологтарға өндірістік пештердің сыртқы және ішкі жұмыстары таныс-тырылды.

Сонымен қатар, зауыттағы сүзгілердің жұмысы ерекше аталып өтті. Ірі төрт мұржаның әрқайсысында екі күйдіру пеші бар. Қазір ондағы электр сүзгілер гибридті сүзгіге ауыстырылған. Шаңның бір бөлігі электродтарға түсіп, қалған бөлігі арнайы құбыр арқылы тазартылады.

— Сүзгілердің көмегімен біз табиғи ресурстарды үнемдей аламыз. Бұл бізге еуропалық нормативтерге сай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бүгінге дейін өндірісте үш пеш жаңартылған. 2030 жылға дейін қалған пештер жөндеуден өтеді, — деді кәсіпорынның бас экологы Мақсұт Жақыпов.

Облыстың экология департаменті басшысының орынбасары Әсет Мұхаммеджановтың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық  мәдениетін қалып-тастыруға бағытталған.

— Баршамызға белгілі, 2024 жылы ҚР Үкіметі 2024-2029 жылдарға арналған эколо-гиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті. Соның маңызды бағыттарының бірі – жастар арасында экологиялық ой-сананы арттыру. Бұл таныс-тырылым — соның көрінісі, — деді ол.

Мұндай тәжірибелік кездесулер студенттер үшін үлкен мүмкіндік болып табылады. Бұл болашақ мамандардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті өмірлік қағидаға айналдыруға жол ашады.

Өндіріс орнына экскурсияға қатысқан Торайғыров универ-ситетінен Жаратылыстану ғылым-
дары факультетінің 2-курс студенті Динара Ждеулова алған әсерімен бөлісті:

— Біз үшін бұл экскурсия өте жақсы тәжірибе болды. Алған әсеріміз өте жақсы. Болашақта дәл осындай кәсіпорында жұмыс істеп, экологияны қорғауға өз үлесімді қосқым келеді, —
деді ол.

Сара АВДОЛ.