ҚР Үкіметінің отырысында облыс әкімі Асайын Байханов жыл басынан бері аймақтың өңдеу өнеркәсібін дамыту қорытындылары туралы баяндады.
Облысымызда экономиканың өсімі жалғасуда. Жыл басынан бері 621 млрд теңгеге өнім шығарылған. Осылайша, өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалады, өсім 9,3 пайызды құрады. Инвестициялар 2 есеге өскен.
Өнім көлемі көлік жасау саласында 47 пайызға, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі 45 пайызға, құрылыс индустриясы 47 пайызға, металлургия 7 пайызға, мұнай өнімдерін өндіру 3,4 пайызға және жиһаз өндірісі 82 пайызға өскен.
Өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқынын және инвестициялардың өсімін сақтау мақсатында жалпы сомасы 2 трлн теңге болатын 50 жобамен жұмыстар жүргізілуде. Бұл 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға және өнеркәсіп өндірісінің көлемін 400 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 100 млрд теңгеден асатын 7 жобаны іске қосу жоспарланған. Биыл Екібастұзда «EkibastuzFerro-Alloys» компаниясы жылына 240 мың тонна ферросилиций шығаруға қауқарлы ферроқорытпа зауытын іске қосуды жоспарлап отыр. Мұнда 800 жаңа жұмыс орны құрылмақ.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген — Валерий Бугаев.