Осыдан бірнеше күн бұрын облыстың кейбір тұрғындары автогаз сату станциялары өнімді тек талон бойынша беріп жатқанын айтып, шағымын білдірген еді. Белгілі болғандай, жергілікті мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге жабылғандықтан, өңірге қажетті көлем батыс аймақтардан жеткізілуде.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма-сының мәліметінше, бүгінде «Ақтөбемұнайгаз СНПС» АҚ-нан төрт вагон газ келді. Бұл – 146 тонна отын. Кешелі бері бұл көлем облыстағы автогаз станцияларына үлестеріліп жатыр. Сонымен қатар, алдағы бірнеше күн дересінде 9 вагонмен тағы 324 тонна жеткізілуі тиіс.

— Облыста сұйытылған мұнай газының қажетті көлемі бар. Газ сату орындары штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Кейбір жанар-жағармай станцияларының газды талон бойынша бергені рас. Бұл Павлодар мұнай-химия зауыты өндірісінің уақытша тоқтауына байланысты болып отыр. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апаттық жағдай да салқыны тигізбей қоймады. Бүгінде мәселе оң шешімін тапты. Аймақтағы тұтынушыларды газбен қамту мәселесі бақылауымызда, — делінген басқарманың ресми мәлімдемесінде. Айта кетейік, жергілікті мұнай-химия зауыты 19 шілде күні қайта іске қосылады.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.