Алдағы уақытта елімізде шетелдік танымал 4 университеттің филиалы ашылады деп жоспарлануда.
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.
— Қазақстанда қазірдің өзінде мықты шетелдік университеттердің 12 филиалы ашылды. Биыл тағы төртеуі ашылады. Біріншіден, өте жақсы жаңалық бар. Гонконг қалалық университеті (City university of Hong Kong) әлемдік рейтингте 82-інші орында. Оның филиалы Сәтбаев университеті базасында жұмысын бастайды, — деді Саясат Нұрбек. Сонымен қатар, ол Алматыда Пенсильвания университетінің филиалы, Аграрлық университеттің базасында бұрыннан аты шыққан Ташкент ирригация инженерлері институты ашылатынын алға тартты.
Нұржайна Шодыр.