Ақтоғай ауданының Қожамжар ауылындағы «Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі» ауыл шаруашылығы және техникалық салаларға бағытталған мамандықтарды даярлайды. Көпсалалы оқу орны 1959 жылы ашылған. Сол уақыттан бері колледж өзінің алдына жаңа міндеттер қойып, оны неғұрлым үйлесімді шешуге ұмтылыс жасауда. Бүгінде оқу орнында сапалы маман даярлау үшін кабинеттер, зертханалық бөлмелер талапқа сай жасақталған.
«Ақтоғай аграрлық-техникалық кол-
леджі» заманауи білім беру мен кәсіптік даярлауды бағдар тұтқан, қазіргі жаһан-дану ғасырындағы қоғамдық-әлеуметтік өзге-рістерге сай, бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті маман даярлауды басты мақсатына айналдырған оқу орнының бірі деуге болады. Қазір мұнда 148 студент білім алады. Олар шәкіртақымен және жатақханамен қамтамасыз
етілген.
Колледж директоры Октябрь Жұмай-ханның сөзінше, аграрлық-техникалық колледжінде студенттерге бес бағыт бойынша білім беріледі. Олардың қатарында трактор-машинист, жүргізуші, техник-механик, автослесарь, аспаз, кондитер, технолог секілді мамандықтар жатады.
— Соңғы жылдары ауданымызда ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Оған дәлел, 2024 жылы ауданымыз облыс-
тық деңгейде ауыл шаруашылығы саласы көрсеткіштері бойынша үздік атанды. Осы ретте өңіріміздің кәсіпорындарының сұраныстары жыл сайын артуда. Мақсатты мемлекеттік тапсырысқа қатысатын кәсіпорындардың қатары ұлғаюда. 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша 55 білім алушы қабылданды. Оның ішінде мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша 18 білім алушыны құраса, 2024-2025 оқу жылында 57 білім алушы қабылданды. Осыдан-ақ, ауыл шаруашылығына қажетті мамандарға деген сұраныстың өзектілігін байқауға болады. Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтарды атайтын болсақ, олар ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі, аспаз, слесарь-жөндеуші, дәнекерлеуші, малшы, В,С,Д категориялы жүргізуші, ветеринар, т.б, — дейді О.Жұмайхан.
Заман талабына сай кәсіби жұмысшы мамандарды даярлауда колледждің материалдық–техникалық базасының заман талабына сай жабдықталуының маңызы зор. Алайда өкінішке қарай, колледждің материалдық жабдықталуы заман талабына толықтай сай деуге келмейді. Бұл олқылықтың орнын жою үшін оқу орнының әлеуметтік серіктестері, ауданның кәсіпорындары студенттерге өздерінің материалдық базаларында
дуалды оқыту жүйесіне сәйкес, тәжіри-беден өтуге мүмкіндік береді. Кәсіптік тәжірибе барысында кәсіпорындар білім алушыларға өздеріндегі бар заман талабына сай техникалар мен қондырғыларды қолдануға мүмкіндік береді.
— Кәсіби білікті жұмысшы мамандарды дайындауда теориялық оқыту мен кәсіптік тәжірибенің ұштасуын дұрыс ұйымдастыру маңызды. Осы орайда дуалды оқыту жүйесі мен академиялық дербестік қағидаларын қолданудамыз. Академиялық дербестік негізінде кәсіпорындармен бірлесе оқу жоспарларына, оқу-жұмыс бағдарламаларына өзгертулер енгізе отыра оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға жол беріледі. Дуалды оқыту жүйесі негізінде кемінде 40 пайыз теориялық оқыту болса, 60 пайыз кәсіптік тәжірибені құрайды. Академиялық дербестік негізінде қосымша 25 пайыз өзгерістер енгізуге болады. Кәсіптік тәжірибе ақылы негізде ұйымдастырылады. Білім алушыларға кәсіп-
тік тәжірибе кезінде 250-500 мың аралығында еңбекақы төленеді. Дуалды оқыту жүйесін ұйымдастыру үшін колледж, кәсіпорын және
білім алушы арасындағы үшжақты келісімшарт жасасқан кәсіпорындар бар. Атап айтсақ, «Ақтоғай Агро», «Аgro-terra», «АktogaiМilk», «Краснокутское», «Трансдейл», «Өрлеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестерімен қоса, «Надежда», «Весна», «Акбидай», «Қамбар», «Бірлік», «Асылжан» «Джансеитова» сынды шаруа қожалықтары және т.б, — дейді колледж басшысы.
Колледждің инженерлік-педагогикалық құрамына тоқталатын болсақ, мұнда барлығы 21 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде 7-уі — өндірістік оқыту шеберлері. Сапалық құрамын қарастырсақ, 2 — педагог-зерттеуші, 5 — педагог-сарапшы, 2 — бірінші санатты, 6 педагог-модератор санаттары бойынша білім алушыларды оқытуда. Жыл сайын колледж педагогтары облыстық, республикалық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін даярлауда. Колледж қабырғасында кәсіби білім алған студенттер бүгінде аудандық кәсіпорындар мен мекемелерде қажырлы еңбек етуде. Солардың бірі – Рахия Ғалимұратова. Ол бүгінде «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша өзі білім алған оқу орнында аспаз болып еңбек етуде.
— Бала кезден дәмді тағамдар мен тәттілерді дайындаған ұнайды. Сондықтан аспаз боламын деп ұйғардым. Колледжде 3 жыл білім алдым. Оқуымды аяқтаған соң «Жастар практикасы» бағдарламасы шеңберінде өзім оқыған колледждің асханасына жұмысқа орналастым. Бүгінде мұнда еңбек етіп келе жатқаныма бір жылдай уақыт болды. Жұмысым өзіме ұнайды. Алдағы уақытта да осы салада еңбек етсем деймін, — дейді Рахия.
Білімді де белсенді студентке артылар сенім мол. Сондықтан колледж оқыту-шылары студенттердің қызығушылығын арттырып, белсенділер қатарын толықтыру мақса-тында білім, интеллектуалды сайыстар, өнер кештерін өткізіп, спорттық турнир-лерді дәстүрлі түрде өткізеді. Студенттерден құралған колледж командасы қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жоғары табыстарға қол жеткізіп жүр.
Ынталандырудан соң жастардың жетістіктері де жоқ емес. Мәселен, «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Респуб-ликалық кәсіби шеберлік чемпионатында Ернұр Зейнулла «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша 3-орын, ал аталмыш чемпионаттың аймақтық кезеңінде Раиса Артықалы «Аспаз ісі» мамандығы бойынша 2-орын, Кирилл Штин «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу» құзыреттілігі бойынша 2-орынға ие болса, Ернұр Зейнолла осы құзыреттілік бойынша 1-орынға ие болған. Одан бөлек, колледж Агро-техникалық колледждер арасында ІІ Кіші ойындары бойынша жалпыкомандалық есепте 3-орынды иеленді.
Алдағы уақытта колледждің жобалық қуаттылығын тиімді пайдалану үшін қысқа мерзімді қайта даярлау курстарын В,С1 категориялы жүргізуші, 3 класты тракторшы-машинист, слесарь жөндеуші біліктіліктері бойынша ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, аудан мектептері базасында профильді сыныптар ашу жоспарлануда.
Айдана БОРАНБАЕВА.