Санитарлық дәрігерлер пәтерлерде зиянды жәндіктер мен кеміргіштерді өз бетінше улаудың қауіпті екенін ескертті. Қарапайым тұрғын химиялық заттардың нақты қажетті мөлшерін білмегендіктен, оны жөнсіз пайдаланудың соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Ақтау қаласында зиянкес жәндіктерді улаған көршілердің кінәсінен қайтыс болған екі кішкентай баланың жағдайы сабақ болуы керек.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Сондықтан санитарлық дәрігерлер дезинсекция және дератизация жасау жұмыстарын кәсіби мамандарға тапсыру қажеттігіне баса назар аударды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Ақылбекованың айтуынша, зиян-
кестерді улау үшін химиялық заттар, улы химикаттар қолданылады. Сондықтан оларды үйде бақылаусыз өздігінен қолдануға болмайды.

— Инсектицидтерді бақылаусыз қолдану қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Дезинсекция және дератизация препараттары – аэрозольдер, олар желдету жүйесі арқылы жоғары көтеріледі. Осылайша пәтердегі тұрғындарды ғана емес, подъездегі көршілердің өміріне де қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан үйдің аумағына, жәндіктер түріне, санына байланысты алдын ала есептеулер жүргізілуі керек, — дейді Гүлнара Ақылбекова. Санитарлық дәрігердің айтуынша, ПИК және басқа да қызмет көрсететін ұйымдар үйдегі жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы алдын алу шараларын тоқсанына бір рет жүргізуі керек. Яғни жағдайдың ушығуына жол бермеу қажет. Жалпы, дезинсекциямен айналысатын фирмалардың қызмет-керлері бес жылда бір рет біліктіліктерін арттыруып отыруы тиіс. 2020 жылдан бастап елімізде дезинсекция, дератизация құралдарын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға сатуға тыйым салынған. Сондықтан олардың қызметі қазір лицензияланбайды. 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап лицензияларды тексеру жұмыстары қайта қолға алынбақ.

Торғын Оразалы.