Аудан орталығында Байсерке Абыз көшесінде 36 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрлысы басталды. Тұрғын үйлердің жалпы аумағы 4379,4 шаршы метрді құрайды.
Әр үйде ауданы 41,7 шаршы метрден тұратын бір бөлмелі 9 пәтер, ауданы 60,55 шаршы метрді құрайтын 2 бөлмелі 18 пәтер және ауданы 80,5 шаршы метр болатын 3 бөлмелі 9 пәтер салынады. Осылайша, құрылыс жұмыстары аяқталғанда ауданда 72 отбасы баспаналы болмақ. Ауыл тұрғындары қолға алынған игі іске ризашылықтарын білдіруде. Құрылыс жұмыстарымен мердігер «First National Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Шілде айының соңында басталған құрылыс қарқынды жүргізілуде. Жаңа баспана келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.