Халықты жұмыспен қамтудың түрлі шаралары бар. Солардың бірі – жастар тәжірибесі бағдарламасы. Осы мүмкіндікті тереңкөлдік жастар да ұтымды пайдаланып келеді.
Мәселен, Артем Елесейкин есімді азамат «Комаров» фермерлік қожалығына аталған бағдарлама арқылы жұмысқа орналасты. Тереңкөл аудандық «Мансап» орталығының мәліметінше, ол мұнда тракторшы мамандығының қыр-сырын меңгеруде.
– Мен үшін бұл – алғашқы тәжірибе алудың мол мүмкіндігі. Нағыз кәсіби мамандар ортасында біліміңді шыңдап, жаңа тәжірибе жинау жастар үшін аса қажет. Осылайша, кәсіби тұрғыдан өсе аламыз, — дейді А.Елесейкин.
Тәлімгердің жетекшілігімен жас маман бүгінде техниканың тілін үйреніп, шаруашылықтың кәдесіне жарауда.
Г.ТҮГЕЛБАЙ.