Павлодарлықтар қоғамдық көлікті ұзақ күтіп, барар жеріне кешігіп баратындарына жиі шағымданады. Кейбір автобустардың іші лас екені де айтылып жүр. Кеше облыс орталығындағы №1 автобус паркі тоқсары түсті 50 жаңа автобуспен толықты. Енді маршруттардың қозғалыс интервалы қысқара түспек. Павлодарлықтар қоғамдық көлікті ұзақ күтіп, барар жеріне кешігіп баратындарына жиі шағымданады. Кейбір автобустардың іші лас екені де айтылып жүр. Кеше облыс орталығындағы №1 автобус паркі тоқсары түсті 50 жаңа автобуспен толықты. Енді маршруттардың қозғалыс интервалы қысқара түспек.
Байқасаңыздар, уақыт өткен сайын облыс орталығындағы Volvo және МАЗ маркалы ескі автобустар көзден таса болуда.
Олардың орнын заманауи қондырғылармен жабдықталған автобустар басуда. Жаңа қоғамдық көліктер мүмкіндігі шектеулі
азаматтар үшін де қолайсыздық тудырмайды. Жол ақысын қолма-қол ақшамен, банк картасымен, көлік картасымен, QR-кодпен, Kaspi арқылы және қосымша арқылы төлеуге болады.
Облыс әкімі Асайын Байханов жаңа автобустың артықшылықтарын тексерді. Ол электронды билет жүйесін енгізу арқылы
ашықтыққа қол жеткізіліп, жолаушылардың нақты санын анықтауға мүмкіндік болғанын айтты. Сәйкесінше, мемлекет
тарапынан субсидия қарастырылып, автобус парк иелері техниканы жаңартуды қолға алып отыр.
– Ескі автобустарды күтіп ұстауға көп қаржат керек. Олар жиі сынып, салдарынан қозғалыс кестесінен кеші-геді. Сәйкесінше,
тұрғындар шағымданады. Субсидия берудің талабы сол, автобус паркі басшылығы техника паркін жаңартуы тиіс. Облыс
орталығындағы жолаушылар тасымалы бойынша проблеманы шешу үшін 250 автобус қажет. Бүгінде 155 жаңа автобус жолға
шығуға дайын. Келесі кезеңде жаңа автобустардың санын көбей-туді ойластырамыз, – деді аймақ басшысы.
Келесі кезекте «Автокомбинат» ЖШС 20 жаңа автобус сатып алмақ. Қазірдің өзінде 10-ы қатарға қосылған.
Қала әкімі Ержан Иманзайыповтың айтуынша, былтыр тоқсары түсті авто-бустардың саны 48 болса, биыл алғашқы
жартыжылдықта 83-ке жеткен. Ал қазір 130 жаңа автобус тіркеліп отыр. Бастысы – маршруттардың қозғалыс интервалы
қысқарады. Мәселен, №5 маршруттың интервалы 2 сағаттан 20 минутқа, №11 маршруттың интервалы 20 минуттан 13 минутқа дейін азаймақ. Жалпы, 13 бағыттағы марш-руттардың интервалында айтарлықтай өзгерістер орын алады деп күтілуде.
Оралхан ҚОЖАНОВ.