Алдағы уақытта облыс орталығындағы «Достық» шағын ауданына дейін трамвайлар қатынайтын болады. Сөйтіп, жаңа ауданның тұрғындарына жайлы жағдай жасалмақ. Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков хабарлады. Шаһар басшысының айтуынша, жаңа трамвай желісін салу үшін әзірленген жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Барлық келісу рәсімдері аяқталғаннан кейін ауқымды жобаны іске асыру үшін бюджетке өтінім беріледі.

Қала әкімі «Трамвай басқармасы» АҚ барып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысу барысында жаңа вагондардың қатары толығып жатқанын да атап өтті. Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында дыбыссыз өткелдер орнатылып келеді. Бүгінде осындай 39 өткел болса, келесі жылы тағы 8-і жасалмақ.

Жалпы, кәсіпорында барлығы 110 вагон бар. Күн сайын кесте бойынша 70-80 трамвай жолға шығып, шамамен 45 мың жолаушыға қызмет көрсетеді.

Өз тілшіміз.