Аймақ басшысы Асайын Байханов Екібастұздағы жылыту маусымының басталу барысын тексерді. Бүгінде шаһардағы жылу-электр орталығындағы
10 қазандықтың бесеуі жұмысқа толық дайын. Бүгінгі таңда олардың екеуі жұмыс істеп тұрса, үшеуі — резервте. Олар сыртқы ауа температурасы нөлден төмен түскен кезде қосылатын болады.
Қалған 5 қазандықты жөндеу жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 4 жаңа жылу магистралі толығымен қайтадан жаңартылды, оларды жуу және тығыздау жүргізілді. Желілердің бәрі толықтай іске қосылды. 690 көпқабатты тұрғын үйдің 395-і жылумен қамтамасыз етілген. Барлық көпқабатты үйлерді іске қосу бүгін аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал өткен жексенбіден бастап жеке секторды жылуға қосу кезең-кезеңімен қолға алынды. Облыс әкімі Асайын Байханов әлеуметтік нысандарды аралап, жылу параметрлерін тексерді. Мысалы, №26 мектепте бүгінгі күні 27 градус температура қамтамасыз етілген. Екібастұздың 90 әлеуметтік нысанының 79-ы жылуға қосылған. Қалған 11 нысанға жылу беру бүгін аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, аймақ басшысы қаланың әртүрлі аудандарында жылу беру сапасымен танысу үшін бірнеше үйдің тұрғындарымен кездесті. Екібастұздың барлық проблемалы үйлері бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Басты мәселе — бұл үйлерге қызмет көрсететін ұйымдардың болмауында. Қаланың қала құраушы кәсіпорындары қыста 184 көпқабатты үйді дайындауға көмектесті. Асайын Байханов қиын кезеңде қол ұшын созып, тұрғындарға көмек көрсеткен барлық кәсіпорындарға ризашылығын білдірді.
— Екібастұзда қысқа мерзім ішінде ЖЭО жабдықтарын жөндеу, жылумен жабдықтау желілерін жаңарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Кеншілер қаласы салынғаннан бері мұндай ауқымда жөндеу жүргізілген емес. Алайда, біздің барлық күш-жігеріміз үйлер жылуды қабылдауға толық дайын болған жағдайда ғана ақталады. Мұны көптеген екібастұздықтар түсінеді. 131 үйде тұрғындардың күшімен өз қаражаттарының есебінен жылу тораптары жөнделді. Үй ішіндегі жылумен жабдықтау жүйесінің құбырлары ауыстырылды. Бір кездері ПИК-тен бас тартқан тағы 184 көпқабатты үйге қаланың қала құраушы кәсіпорындар көмектесті. Барлығы ортақ іске өз үлестерін қосты. Сол үшін оларға зор алғыс айтамыз, — деді облыс әкімі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген — Валерий Бугаев.