Павлодар — индустриалды аймақ. Алайда аймақтың экономикалық дамуы облыстың экожүйелеріне жүктеме артып келеді. Өңірдегі экологияға айтарлықтай салмақ салып отырған металлургиялық, мұнай-химиялық және коммуналдық компаниялардың қызметі екені белгілі. Сол себепті жыл сайын ірі кәсіпорындардың құрал-жабдықтарын жаңарту, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде облыс аумағында 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,75 мың тоннаға зиянды шығарындылар азайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиыны барысында Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков атмосфералық ауаға ластаушы заттар негізінен облыстың үш қаласында орна-ласқан өнеркәсіптік кәсіпо-рындардан шығарылатынын айтты. Мәселен, нақты шыға-рындылардың шамамен 46,2 пайызы Екібастұз қаласына, 24,7 пайызы Павлодар қаласына және 21,9 пайызы Ақсу қаласына тиесілі. Облыстың қалған аудандары шығарындылардың 5 пайызын құрайды.

— Нақтылай кетсек, экономика салалары бөлінісінде шығарындылардың басым бөлігі, жылу энергетикасы 70,6 пайыз, металлургия 24,7 пайыз, мұнай өңдеу 2,8 пайыз, тау-кен өндіру және тау-кен металлургиясы 1,5 пайыз үлесіне келеді. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қоршаған ортаға нақты шығарындылардың көлемі 349,9 мың тоннаны (2023 жылы — 350,65 мың тонна) құраса, жылдық лимиті 923,9 мың тоннаны (2023 жылы – 909,3 мың тонна) құрады. Бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,75 мың тоннаға (0,2 пайызға) аз. Жалпы, шығарындылар көлемінің төмендеуі өңірдегі бірқатар ірі кәсіпорындардағы шығарындылар көлемінің төмендеуімен байланысты. Атап айтсақ, «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ — күйдірілген анодтар шығынын азайту және олардың қызмет ету мерзімін ұлғайту (сапалы анодтарды пайдалану үлесін ұлғайту) есебінен шығарындылар көлемін 4,1 мың тоннаға азайтты. Ал анодтар шығынын 8,4 тоннаға (69,561 тоннадан 61,161 тоннаға дейін) төмендетті. Сондай-ақ, «Екібастұз ГРЭС — 2 станциясы» жылу беруді 992 Гкал-ға төмендету және технологиялық жабдықтардың оңтайлы жұмыс режимін ұйымдастыру есебінен шығындылар көлемін 2,65 мың тоннаға дейін төмендетті. Павлодар мұнай-химия зауытында мұнайды қайта өңдеу көлемінің төмендеуі және 1979 жылы пайдалануға берілген ескі пештің орнына тиімділігі жоғары битум өндірісінің жаңа технологиялық пешімен алмастырылуы шығындылар көлемінің 0,3 мың тоннаға азаюына себепші болды, — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Қанат Мұсапарбеков жыл сайын облыс кәсіпорындары эмиссияларға рұқсат беру шарттары бойынша тиісті міндеттемелерді орындау шеңберінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындайтынын атап өтті. Айтуынша, кәсіпорындар тазарту құрылыстарын ауыстыру, шаң-газ жабдықтары мен қазан-дықтарды жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.

— 2024 жылдың 1-жарты-жылдығында облыс кәсіпорындары табиғатты қорғау іс-шараларын орындауға 25,9 млрд теңге жоспарымен 9,3 млрд теңге игерген. Ағымдағы жылы департамент жалпы саны 35 тексеру жүргізді. Оның ішінде 17 субъектіге қатысты талап сәйкестігіне тексерулер жүргізу жоспарланып, бүгінгі күні оның алтауы орындалды. Сондай-ақ, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында объектіге барумен бекітілген профилактикалық бақылау тізімімен 8 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде экологиялық заңнаманы бұзған 69 факті анық-талды. Аталған бұзушылықтарды жою туралы 30 ұйғарым беріліп, 20 млн теңге сомасына 37 әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы экология департаментінің атына «Ақсу ферроқорытпа зауытынан» ластаушы заттардың шығарындыларына қатысты «Экологиялық бастамалар бюросы» қоғамдық бірлестігінің өтініші келіп түсті.  Кәсіпорынды тексеру нәтижелері бойынша экологиялық рұқсатсыз ластаушы заттардың шығарындылары анықталды. Осы факті бойынша кәсіпорын 8 млн теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға бұзу-
шылықты жою туралы ұйғарым берілді, ұйғарымды орындау шеңберінде кәсіпорын бұзу-шылықты жою жөніндегі іс-
шаралар жоспарын әзірледі, — деді ол.

А.МҰҚЫШЕВ.