Павлодар қаласы бойынша тұрғындар үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер туралы жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Бүгінгі таңда Павлодар қаласының мәслихаты шешімі қабылданып, талқылауға ұсынылды.
— Павлодар қаласы бойынша тұрғындар үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бойынша, жайлы үйлерде бір тұрғыннан айына 569 теңге, жайлы емес үйлерде бір тұрғыннан 643 теңге төлемі ұсынылуда. Жылдық тариф бір текше метр үшін 2473 теңге, — делінген тариф жобасында.
Айта кетейік, «Ашық НҚА» порталындағы қоғамдық талқылаулар 25 шілдеге дейін жалғасады.
Алтынбек МҰҚЫШЕВ.