Соңғы кездері ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында ұмытылған дәстүрлерімізді жаңғырту қолға алынып жатқаны рас. Әсіресе, білім ордаларында аналар мен әкелер кеңесі атынан тәрбиелік маңызы зор шаралардың өткізіліп жатқанын көреміз. Жалпы, түрлі деңгейде, түрлі ұйымда сан алуан кеңселер ашылып жатыр. Сол сияқты, жақында өңірімізде «Жеңгелер кеңесі» ашылды. Десек те, мұндай ұйымдардың түпкі мақсаты қандай?
Жуырда Павлодар қаласының №41 мектебінде «Жеңгелер кеңесі» құрылды. Онда білім ордасында бұдан бұрын ашылған аналар мен әкелер кеңесінің мүшелері қатысып, оқушылардың ата-аналары мен туыстары келіп қосылды. Шара барысында ата-бабамыздың жеңгеге деген құрметі, қоғамдағы орны жайлы сөз етілді.
– Мұндай кеңестің құрылуы көңілге жылу сыйлайды. Неге десеңіз, кез келген отбасында жеңгелердің орны ерекше. Жастар айта алмаған сырын жеңгелерімен бөлісетін. Яғни, үлкендерге мұңы мен қуанышын айтуға бата алмай, ортадағы үлкен мен кішінің араларын жылытып жүретін жанға айтып, жеңілдеп қалатын. Ол да отбасылық салт-дәстүріміздің бірі деп айтуға болады. Оған қарап, жас буын да өткеннің өнегесін қадірлеп, жақынына берік бола біледі, – дейді ҚХА Аналар кеңесінің және «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжамал Максилова.
Асыл қазынасы мол қариялардың айтуынша, жоғары дәрежеде өтетін отбасылық әңгімелер мен келіссөздер әуелі жеңгеден басталса керек. Олар алыстан бастап, байыптап, қазақи әдеппен үлкендерге жеткізеді. Кез келген әулеттің «Жаманын жасырып, жақсысын асырып», жұрт алдында қадірлі бола білетін.
Жуырда Павлодар қаласының №41 мектебінде «Жеңгелер кеңесі» құрылды. Білім ордасында бұдан бұрын ашылған аналар мен әкелер кеңесінің мүшелері қатысып, оқушылардың ата-аналары мен туыстары келіп қосылды. Шара барысында ата-бабамыздың жеңгеге деген құрметі, қоғамдағы орны жайлы сөз етілді.
– Мұндай кеңестің құрылуы көңілге жылу сыйлайды. Неге десеңіз, кез келген отбасыда жеңгелердің орны ерекше. Жастар айта алмаған сырын жеңгелерімен бөлісетін. Яғни, үлкендерге мұңы мен қуанышын айтуға бата алмай, ортадағы үлкен мен кішінің араларын жылытып жүретін жанға айтып, жеңілдеп қалатын. Ол да отбасылық салт-дәстүріміздің бірі деп айтуға болады. Оған қарап, жас буын да өткеннің өнегесін қадірлеп, жақынына берік бола біледі, – дейді ҚХА Аналар кеңесінің және «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжамал Максилова.
Асыл қазынасы мол қариялардың айтуынша, жоғары дәрежеде өтетін отбасылық әңгімелер мен келіссөздер әуелі жеңгеден басталса керек. Олар алыстан бастап, байыптап қазақы әдеппен үлкендерге жеткізеді. Кез келген әулеттің «Жаманын жасырып, жақсысын асырып» жұрт алдында қадірлі бола білетін. Содан болар, қазақ әулетінде жеңгелерсіз атқарылатын шаруа жоқ деп айтып жатады.
– Жуырда өткен семинар барысында біртұтас тәрбиенің негізін сараптап, жеңгелер ұйымын ашуды ұйғардық. Өткен жылдары құрылған аналар мен әкелер кеңесінің жұмысы алға басып, бірнеше байқаудан жүлделі орынмен оралды. Осы ретте, енді шаңырақ құрған отбасындағы жас келіндердің «тастай батып, судай сіңуіне» жеңгелер клубы ықпал ететіні сөзсіз. Сондай-ақ, қоғамдық шараларға белсене араласатын, белді маман, үлгілі ана мен келін рөлін үздік атқарып жүрген ұстазды аталмыш кеңестің төрайымы етіп тағайындадық. Алдағы уақытта кеңестің 11 қатысушысы аналар және әкелер кеңесімен тығыз байланыс орнатып, қиын жағдайға түскен отбасыларға қолдау көрсетуді көздеп отыр. Одан бөлек, жобаларға қатысып, репертуарларын дайындап, тіпті, ұлттық костюмдерін тігуге кірісті, – дейді мектеп директоры Нұргүл Шампатқызы.
Отбасы атты шағын мемлекетке енді қадам басқан жас келін Альфия Құнанбай аталмыш кеңес туыстық қарым-қатынасты нығайтады деген сенімде.
– Бала кезімде өз отбасымызда салт-дәстүрдің ұстанғанын байқаған емеспін. Мұндай ұйымдар өткізетін шараларда ұлттық тұрмысымыздың көрінісі мен үлкендердің тәрбиесіне таңданамын. Өзім де әжелер мен жеңгелердің ақыл-кеңестерін тыңдап, болашақта үлгі тұтар келін болғым келеді, – дейді ол.
Жуырда әскердегі борышын өтеп келген Қайыргелді Аман кішкентайынан жеңгесін әпкесіндей көріп, бала кезіндегі қорқыныш, қуаныш сезімдерімен бөлісетінін айтады. Оның есінде жеңге ақылшы ретінде ерекше орын алған. Жуырда сүйіктісіне сөз салмақшы ол алдымен жеңгесімен ақылдасып, өміріндегі маңызды жолға қадам баспақ. Алдағы уақытта өмірлік жары жеңгесіне қарап бой түзесе, жақсы болады деген ойын да бүгіп қалмады.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті, Әдемі Кәукеннің де аталмыш жеңгелер кеңесіне көзқарасы оң.
– Маған өзіме отбасылық, тұлғалық құндылықтарды сақтауға бaғыттaлғaн түрлі кеңестерді алған қашан да ұнайды. Ондай кeңестерді көпті көрген адамдардан болсын, әлеуметтік желілерден болсын, газет-журналдардан болсын, кітаптардан болсын тыңдап, оқып жүремін. Тек құлақпен естіп, көзбен оқып қана қоймай әр кеңеске oйшa зерттеу жасаған ұнайды.
Қазір Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» атты кітабын оқып жүрмін. Coндағы отбасы құрған кезде кәдеге жарайтын кеңестерді дәптеріме түртіп алып жүрмін. Өзіме қызықты. Сондықтан жеңгелер ұйымын неге құрмасқа? Білмейтін дүние көп қой, керісінше, мұндай ұйымдар тек құндылықтарды сақтауға бағытталып қоймай, тұлғалық дамуға да ерекше әсер етеді деп те ойлаймын, – дейді Әдемі Қаукен.
Мұндай бастаманы жас келіндер де қолдайды. Алайда кей тұрғындар кеңес аша бергеннен гөрі бала тәрбиесіне баса мән беру керек деп есептейді.
– Жылдан-жылға ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, салт-дәстүріміз жанданып жатқанын көріп келеміз. Мұндай әрекет қазақ баласының патриоттық сезімін оятуға, ұлттық тұрмыс-тіршілікті зердесіне тоқуға септігін тигізері анық. Дегенмен, кейде кеңестердің негізгі бағыты мен мән-мазмұнын түсіну қиын. Одан да жаңа ғасыр балаларының тәрбиелеріне арналған ұйым, үйірмелер ашылса, нұр үстіне нұр болар еді. Ата-бабамыздың бала тәрбиесіне деген ақыл-өсиеті де баршылық. Алдыңғы ұрпақ балаларын ер бала ер жетіп, қыз бала бойжеткенге дейін дұрыс жолдан тайдырмай, тәрбиелеп өсірген. «Ел болашағы – жастар» демекші, әуелі саналы ұрпаққа мән берген дұрыс деп ойлаймын, – дейді қала тұрғыны Динара Магмурова.
Әрине, қоғамның санасына ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін дәлелдеу оңай емес. Әркім өз өмірі мен таңдауына жауапты. Дегенмен, көп ауыз біріксе, кеңестердің басты мақсатын анықтап, олардың ауқымды істерін жас ұрпаққа үлгі еткен жөн.
Бүгінде қоғамда орын алып жатқан жастар тәрбиесіне бағытталған жобалардың іске асып жатқаны қуантады. Алайда әркім дара жолын таңдап, әрдайым жақсыға бет бұрғаны дұрыс. Отбасылық құндылықты арттыратын кеңестердің құрылуы да — қазақ өркениетінің дамуының бірден-бір көрсеткіші.
Салтанат ҒАББАС.