«Мөлдір сөйлейік!»

Мам 2, 2025

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамыту бағытында еңбек етіп жүрген азаматтар баршылық. Заман сұранысына сай олар қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында әлеуметтік желіні пайдалануда. Осындай тіл жанашыр-ларының бірі «Хабар» телеарнасының жарық жұлдызы —
Мөлдір Доспаева.

Мөлдір Доспаева — Қазақстанның болашағы жарқын, талантты журналистерінің бірі. Ол отандық журналистикада танымал болып қана қоймай, дәстүрлі және заманауи журналистиканы қатар алып жүруде. Оған қоса, сол арқылы заманауи медиа форматтарын шебер пайдаланып жүрген маман. Әлеуметтік желіде жобаларын сәтті жүргізіп, кәсібилігі арқылы жоғары сапалы видео-контент жасауда. Қуантарлығы, осындай дарынды маманның біздің Павлодар облысынан шыққаны.

Мөлдір Доспаева – «Хабар» телеарнасының жарқын диктор-ларының бірі, оның әсем дауысы мен сауатты сөзі эфирдің алғашқы сәттерінен-ақ көрерменнің жүрегін баурап алды. Үздіксіз еңбектің арқасында «Халық сүйіктісі — 2024», «Үздік тележүргізуші — 2024» атағын иеленген. Павлодар облыстық телеарнасында өзінің журналистік жолын бастаған Мөлдір қазіргі таңда тек тележүргізу-шілікті ғана емес, тіл жанашыры ретінде инстаграм парақшасын-дағы «Мөлдір сөйле» айдарын жүргізуде. Бүгінгі күні жастардың арасында жиі қолданылатын Instagram парақшасында видео жүктеу арқылы көреремендердің қызығушылығын арттыруда. Тележүргізуші болудан басқа тіл жанашыры қазақ тілінде дұрыс грамматика, орфографиялық қателіктер, сөйлемдерді дұрыс құрастыруды, жалғауларды орынды қолдануды үйретеді. Мөлдір Доспаеваның бұл жұмысы болашақ журналистерге, филологтар мен лингвистика саласында жүрген болашақ мамандарға үлкен көмек. Оған қоса ол онлайн, офлайн фарматында спикер ретінде көптеген конференцияларда сөз сөйлеп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге жастарды шақыруда.

Мөлдір Жаһанқызы Доспаева — қазіргі таңда еліміздің құндылығына айналған қастерлі ана тіліміздің одан сайын өркендеуіне үлкен үлесін қосып келе жатыр. Павлодар өңірінен осындай жанның шыққанына қатты қуанамыз. Болашақта Мөлдір Доспаеваның жолын жалғап, журналистика саласында өз жұлдызымды жаққым келеді. Ал ол үшін алдымен терең ойлап, «мөлдір сөйлеп» үйренейік!

Ділназ ҚАЙРОЛЛА,

№7 мектептің 11-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.