Павлодар қаласындағы Ақпараттық технологиялар колледжін тәмамдаған, бүгінде Торайғыров университетінде ІТ технология бағытында білімін жалғастырып жүрген Роман Устименко Google конференциясына шақырту алды.
Мұндай ұсыныс аталмыш білім ордасындағы екінші студентке түсіп отырғанын атап өту керек. Сол арқылы Павлодар Қазақ-стандағы IT-саласы мамандарын даярлауда үздіктер қатарында екенін дәлелдеді.
Роман Устименко Google-ды әзірлеушілер мен технология жетекшілеріне арналған беделді халықаралық шара — GDG Summit 2025 конференциясына қатысу үшін Дубайға барады.
Естеріңізде болса, Берлинде өткен Google конференциясында Павлодарды және бүкіл Қазақстанды алғаш рет Ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Даниил Барт таныстырды.
Екеуі де — аймағымыздағы IT-қоғамдастығының белсенді қатысушылары. Роман осы жазда колледж дипломын алып, Computer Science бағытында Торайғыров университетіне грантқа түсті. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Беларусь елдеріндегі компьютерлік клубтар үшін CRM жүйелері мен шешімдерін әзірлеуге маманданған RomarioDeveloper атты бағдарламаны іске қосты.
Роман Устименко NASA Space Apps Challenge-2024 халықаралық командасының құрамында болды. Бұл еліміздің халықаралық аренада ілгерілеуіне үлес қосты. Дарынды студент қатарластары арасында өз тәжірибесімен бөлісуде.
Айдана ҚУАНЫШЕВА.