Биыл облысымыздағы келісім мен ынтымақ ордасы «Достық үйінің» құрылғанына — 15 жыл. Осыған орай салтанатты шара өтті. Онда ұлттық сәнді костюмдер көрсетілімі, жастарға арналған студияның тұсаукесері өтіп, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Мекеме басшысы Нұрия Көбенованың айтуынша, мерейтой қарсаңында көптеген шара өткізіліп, оларға облыстың 30 мыңнан астам тұрғыны қатысқан.
– Салтанатты шарада 15 жылда атқарылған жұмыстар қорытын-дыланды. Сондай-ақ, сәнді киімдер көрсетілімін дайындадық. Оған түрлі этномәдени бірлестіктердің жастары қатысып, олар қазақтың ұлттық киімдерін көрсетті, — дейді ол. Киім үлгілерінің авторы Александра Сокуренко оларды дайындау кезінде заманауи трендтерге емес, костюмнің үлгісі, түсі, кесілуі сияқты маңызды компоненттеріне көп көңіл бөлгенін айтты. Киім дала сұлулығының әсемдігі мен сұлулығын жеткізуі керек. «Достық үйімен» қатар 7 этно-мәдени бірлестік те мерейтойларын атап өтуде. Мәселен, сондай бірлестіктердің бірі – Тәжік этномәдени бірлестігі.
– Біздің орталық 2013 жылы құрылды. Биыл 10 жылдығымызды атап өттік. «Достық үйі» мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысының нәтижесінде өз мәдениетіміз бен тарихымызды сақтап қалдық, — дейді бірлестіктің төрағасы Хусейн Гулов. Ал Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Достық үйінің» бірінші директоры Идият Әбдіқалықовтың айтуынша, бұл ғимаратта екі елдің президенттері мен 17 мемлекеттің елшілері қабылданған. Бұл мекемеде жастар да қанатын қатайтып шығады.
— 15 жыл ішінде «Достық үйі» жастар кадрларының ұстаханасы болды. Мұнда елім үшін қызмет етемін деген адамдар жұмыс істейді. Олардың 95 пайызы жалақы алмайды. Бірақ олардың арқасында «Достық үйі» біздің бейбітшілік пен келісім сарайына айналды, — дейді «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша төрағасы Рамиль Смайылов. Естеріңізге сала кетейік, бірегей қоғамдық келісім орталығы 24 этномәдени орталықты біріктіреді.
Өз тілшіміз.