И.Байзақов атындағы облыстық филармония қала тұрғындары мен қонақтарына тағы бір ерекше музыкалық кеш сыйлады. Бұл жолы көрермендер Франция еліне «саяхат» жасап, сол елдің үздік әндерін тыңдай алды.

Кеш барысында әлемге әйгілі «Нотр-Дам де Париж» культтік мюзиклінің «Темп де соборы», «Белле», Джо Дассиннің «Et si tu n’existais pas» және қазіргі заманғы «Папаутай» Строма мен «Je veux» шығармалары орындалды. Сонымен қатар, кеш қонақтары филармонияның хореографиялық ұжымдарының өнерін тамашалай алды.

— Көрермендерге ерекше мерекелік кеш сыйлау үшін филармония әртістері тыңғылықты әрі ұзақ уақыт дайындалды. Репертуарға Франция елінің танымал әндерін таңдап алдық. Негізінен, лирикалық бағыттағы әндер шырқалды. Музыкалық кеш көрермендердің көңілінен шықты деген ойдамыз, — дейді ұйымдастырушылар.

Концерттен соң тұрғындар арасында аталған мерекелік бағдарламаны қайталау туралы өтініштер түскен. Филармония мұны ескеріп, келесі жылдың 24 қаңтарында өткізуді жоспарлап отыр.

А.БОРАНБАЕВА.

Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.