Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпарат сауаттылығы — баршаға ортақ іс» атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында көрнекі ақпарат пен жарнама өнімдерінің жай-күйі, көрнекі ақпарат бойынша бірқатар заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайы сөз болды.
Дөңгелек үстелге Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары С.Сәдуақасов, қалалар мен аудандардың тіл мамандары, жергілікті ЖОО-ның профессорлары, аймақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, мемлекеттік органдар мамандары, қызмет көрсету нысандарының басшылары, кәсіп-
керлер қатысты. Қатысушылар аталған мәселелер бойынша сауалдар қойып, мәселені шешу жолдарын ұсынып, тәжірибелерін ортаға салды. Сондай-ақ, маңдайшалардың, тауар белгілерінің, қоғамдық көліктердегі жарнама өнімдерінің дұрыс ресімделуі бойынша кеңес берілді. Шара барысында облыстағы көрнекі ақпараттың жай-күйі, аудандар мен қалаларда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың орындалуы туралы баяндамалар тыңдалды.
Өз тілшіміз.