С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Портреттегі Павлодар» атты көрме жұмыс істеп тұр. Көрмені ұйымдас-тырушылар — танымал Павлодар шығармашылық бірлестігінің «F2» фотостудиясы базасындағы «Фотосреда» фото-клубының мүшелері.

Фотоклуб мүшелері — жобаның негізін қалаушы — фотограф Алексей Чернышевтің басшылығымен фотография саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген белсенді қатысушылар. Жас фотографтар клубқа келгеніне бір жылдан астам уақыт өтті және бұл — фотоклуб қатысушыларының «Айна» галереясындағы екінші көрмесі. Көрмеде көрермен назарына жеті автордың 28 фотосуреті ұсынылады. Мәселен, Александра Рыбас, Екатерина Ботникова, Сергей Обрезчиков, Саша Омарова, Руслан Насыров, Мақпал Байбосынова және Максим Колосов. Олар экспозицияны бір жанрдағы жұмыстарымен безендірген. Алайда фотокөрме авторлардың Павлодарда тұратын адамдарға деген әртүрлі көзқарастары туралы баяндайды.

— Көрмеде ұсынылған туындылар қатысушылардың әйгілі және авторлық ертегілері негізінде жасалған. Сурет авторлары өнер объективі арқылы адамдарға туған жерге, табиғатқа, жануарларға, тіршілікке деген сүйіспеншіліктерін бейнелеп, кез келген жаста сүйікті іспен айналысуға болатындығын тағы бір рет дәлелдеді. Біз сурет өнеріне қызығушы әр адам-
мен жұмыс істейміз, — дейді М.Колосов.

 

Өз тілшіміз.