Баянауыл аудандағы Мәшһүр Жүсіп мұра-жайының кітапханасы жаңа кітаптармен толықты. Ақын Жұмағали Қоғабай Мәшһүр ата мен Қаныш Сәтбаев арасындағы рухани сабақтастықты байқату, байыптау мақсат-ында «Сәтбаевтар әлемі» және «Мәшһүр
Жүсіп тылсымы мен шапағаты» атты кітап-тарын орталықтың кітап қорына табыстады.

 

Ақын, жазушы, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Жұмағали Қоғабай қазақ халқынан шыққан ұлы ойшылдың мұражайына кітабын табыстау үлкен бақыт екенін атап өтті.

– Жұмағали Бижанұлы, сізге алғысымыз шексіз. Дана халқымызда «Білім мен тәрбие – егіз» деген сөз бар. Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолында жазған еңбегіңіз жемісті болсын. Сізге шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілеймін, – деп ізгі тілегін білдірді Мәшһүр Жүсіп мемориалдық музейінің меңгерушісі Әсет Пазылов.

– «Сәтбаевтар әлемі» кітабымда Қаныш Сәтбаевтың басынан өткерген қиыншылықтары мен зобалаңға ұшыраған сәттері жайлы, сондай-ақ туған-туыстарынан біліп, өзім кездескен жағдайларды жазып, өскелең ұрпаққа өнегесі мол мұра қалдырғым келді. Осы тұста менің ұсынысымды қолдаған барша жанға алғыс айтамын, – деп Жұмағали Қоғабай ақ тілегін білдірді.

Сондай-ақ, ақын веложорықта басшылық еткен кәсіби велошабандоз, бүгінгі таңда «Қайнар» қосымша білім беру кешеніндегі «8 миля» велотуризм және спорт клубының бапкері Анатолий Пырликке шексіз алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, Екібастұз-Ескелді бағытында тұңғыш веложорық ұйымдастырыл болатын. Алдағы уақытта атаулы шара жыл сайын жалғасын табады.

Жұмағали Қоғабай Екібастұз қаласынан 75 шақырым қашық-тықтағы Мәшһүр Жүсіп кесенесіне Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай веложорық ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл ойды Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұжымы бір ауыздан қолдап, осы жылдың шілде айының соңында шаһардың бір топ жастары, белсенді азаматтар және спорт жанкүйерлерімен бірге Жұмағали Қоғабай бастаған топ велосипедпен қасиетті мекен Мәшһүр Жүсіп кесенесіне жол тартты.

Айта кетейік, мамыр айында қаламгердің «Сәтбаевтар әлемі» және «Сақ дәуірімен сабақтас оқиғалы оюлар» атты кітаптарының таныстырылымы өткен болатын.

 

Өз тілшіміз.