Облыс орталығындағы Әскери даңқ мұражайы жөндеуден кейін қайта ашылды. Әскери даңқ мұражайында қазақстандықтардың ерлігін көрсететін экспонаттар жинақталған. Мұражай қоры жаңа жәдігерлермен және жаңартылған құнды дүниелермен толықтырылды.

 

Мұражай қорының экспонаттары ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтиды. Мұнда Қимақ қағанаты, Қазақ хандығы және ұлт-азаттық көтерілістер кезіндегі әскери техника мен қару-жарақ ұсынылған. Сондай-ақ, құнды жәдігерлер Ұлы Отан соғысының батырлары мен интернационалист жауынгерлерге арналған стендтерде қойылған.

— Бұл ғимараттың негізі 1926 жылы сапаржайдың күту залы ретінде қаланған. Жобаның авторы эстон инженері Ломбак болды. Ал заманауи келбеттегі мұражай 2010 жылы салынып, 2011 жылы ашылды. Былтыр жөндеу жүргізіліп, міне, музей қала тұрғындары мен қонақтарға есігін қайта ашты, — дейді Әскери даңқ музейінің басшысы Талғат Адамов.

Биыл Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толды. Сондай-ақ, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Осыған байланысты мұражайда бірнеше тақырыптық көрмелер ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Өз тілшіміз.