Мәдени кешен кеңейе түспек

Сәу 24, 2025
Photo Valeriy BUGAYEV

Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп кесенесінің аумағындағы музей жанынан жаңа ғимарат салынбақ. Заманауи мәжіліс залында түрлі деңгейдегі шараларды өткізуге оңтайлы мүмкіндік жасалады.

Заманауи мәжіліс залында түрлі деңгейдегі шараларды өткізуге оңтайлы мүмкіндік жасалады.

Аталмыш мәжіліс зал мәдени кешеннің маңызды бөлігіне айналмақ. Жалпы, ұлы ақын, ойшыл және қоғам қайраткерінің кесенесі ерекше мәнге ие. Бұл — тек сәулет пен тарих ескерткіші емес. Мұнда елдің түкпір-түкпірінен азаматтар келіп, зиярат етеді. Сондай-ақ, қажылар ұмтылатын рухани күштің орны болып есептеледі. Сондықтан мәдени кешенді мәжіліс залымен толықтырудың реті келіп отыр. Облыс әкімі Асайын Байханов нысан құрылысының барысымен танысты. Аймақ басшысы жаңа қосымша кешеннің инфрақұры-лымын нығайтып, дәрістер, конференциялар, әдеби кештер, біздің ұлы жерлесіміздің бай рухани, зияткерлік мұрасын терең түсінуге және насихаттауға бағытталған басқа да іс-шаралар өткізуге арналған заманауи кеңістікке айналатынын атап өтті.

Жоба бюджеттен тыс демеушілік қаражат есебінен іске асырылуда. Мәжіліс залы заманауи техникамен жабдықталады. Бұл өз кезегінде іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өтуін қамтамасыз етеді. Құрылыс жұмыстарын жаздың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Өз тілшіміз.