Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде ойшыл, этнограф әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті. Оған жергілікті мектептің оқушы-лары қатысты.

Шараның мақсаты — жастарға ойшыл, тарихшы, дінтанушы, парсы, араб тілдерін жетік меңгерген тарихи тұлға жайлы мағлұматтармен таныс-тыру, дөңгелек үстелде диалогты сауалдар, сұрақ-жауап жүргізу. Дөңгелек үстелде ұлы тұлғаның қазақ тарихындағы және руханиятындағы орны, артында қалдырған мұрасын жас ұрпаққа жеткізу, қоғамда насихаттау және тың зерттеулер жүргізу секілді мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, шарада Павлодар қалалық №19 орта мектептің 4-сынып оқушылары Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өлеңдерін оқыды.

А.БОРАНБАЕВА.