Суретші Тілеулес Әбелдинованың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы балалық шағынан басталады. Алайда таңдаған жолы басқа арнаға бұрылады. Бірақ кітапхана саласында еңбек ете жүріп көркемөнерді насихаттаумен айналысты. Осы бағытта көптеген кездесу өткізді. Жуырда Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде қылқалам шеберінің «Өмір өрнектері» атты көрмесі ашылды.
Тілеулес Әбелдинова бала кезінен сурет өнеріне қызығушылық танытып, түрлі байқауларға белсене қатысты. Сөйтіп, балалық арманмен Алматыдағы Н.Гоголь атындағы көркемсурет училищесіне түсуді қалайды. Алайда таңдауы өзгеріп, кітапхана саласын таңдайды. Дегенмен, көркемөнерді насихаттауды тоқтатпады. Торайғыров университетінің қабырғасында облыстық Суретшілер одағы мүшелерімен шығармашылық кездесулер ұйымдастырды. Шығармашылық жолындағы маңызды әрі шешуші оқиғалардың бірі – Ресейдің Рыбинск қаласынан келген қылқалам шебері Александр Григорьев-Саврасовпен таныстығы болды. Осы уақыт аралығында «Умный рисунок. Думай и рисуй», «Все о цвете из рук в руки», «Как самому находить сюжеты», «Пленэр», «Портрет, стаффаж, фигура», «Радость творчества» сынды онлайн сурет курстарын тәмамдады. 2021 жылдың маусым-шілде айларында Саки және Симферополь қалаларында ұйымдастырылған «Мир останется прежним» көрмесіне қатысты. Кейін сол жылдың қараша айында ұйымдастырылған Торайғыров университетінің қабырғасындағы шығармашылық көрмеде туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Қазіргі уақытқа дейін өскелең ұрпаққа сурет өнерінің қыр-сырын үйретіп, «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қорғау орталығының» шеберханасында бейнелеу өнері бойынша тәлім береді.
Автор – пейзаж, графика, тарихи жанрларда табиғатпен үндесе жұмыс істейтін суретшілердің бірі. Өнер иесі бірнеше жылдан бері табиғат түстерінің өзгерісін адамның көңіл-күйімен үндестіре отырып, оны күнделікті қағаз бетіне түсіріп отырады.
Автордың туған жерге деген ерекше сүйіспеншілігі, әсіресе «Достар», «Апамның тәтті шайы», «Қарбыз тарихы», «Достар» секілді суреттерінен табылған.
Ал көрмедегі картиналардан суретшінің өз күшін дәстүрлі жанрларда сынап көргенін байқауға болады. Мұнда пейзаждар да, натюрморттар да, жанрлық тұрмыстық көріністер де қамтылған. Павлодарлық өнерсүйер қауымға таныстыру үшін Тілеулес Әбілдинова 30 картина таңдап алған. Әр суретіне жан біткендей.
Суретшіге екі жыл бұрын көршілес елдің Рыбинск қаласында өткен пленэрге қатысу бақыты бұйырды. Суретші бұл туындысында Еділ бойындағы қаланың жайлы ескі ауласын пейзаж жанрындағы майлы бояумен бейнелейді. Оның айтуынша, ол табиғи табиғаттан бастап түстердің күштілігі мен ашықтығын баса көрсетуге тырысқан.
Тілеулес Әбелдиноваға танымал шеберлердің шығармаларымен тілдесуге, түрлі кескіндеме шешімдерін үйренуге, композициялық және түсті жүйе тәсілдерін жетілдіруге, өзінің стилистикалық қолжазбасын жасауға тілектеспін.
Елена ДУБОВАЯ,
өнертанушы, Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейі қорының бас сақтаушысы.