Қастер тұтып қазынасын халықтың,
Ұрпақтарға ұмыттырмай таныттың.
Сара жолын саңлақтардың сап кеткен,
Тасасына қалдырмадың тамұқтың.
Сарыарқаның аспан мен жер арасын,
Қаласы мен қазыналы даласын,
Дарасын да, данасын да елімнің,
Бір іздесең, бұл газеттен табасың!
Тіл бітіріп тіршілігін сөйлеткен,
Еңбек етіп бөрікті мен бойжеткен.
Жетістігін жыр ғып жазып өңірдің,
Газет үшін дос болып жүр бейнетпен!
Тілің тұрса таза асыл тұнықта,
Газеттің сол қызметі ұлтқа.
Көз, құлағы һәм тілі деп жырлаған,
Ахаңдардың айтқан сөзін ұмытпа!
Көшімді алға сүйреу үшін болашақ,
Газет оқы, алға жарқын жол ашады!
Тұғырымыз биік болар мәңгілік,
Тіл жолында тірлігімді оңасақ!
Рух беріп бойына асқақ ұлтымның,
Түгендей бер түп-тамырын ғұрпымның.
Елге айна, жұртқа пайда — Газетім,
Тұтқасы боп тұра берсін жұртымның!
Мизан ЖҰМӘЛІ,
айтыскер ақын.