Биыл — мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің дүниеге келгеніне  125 жыл. Осыған орай облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен әдеби-музыкалық кеш өтті. Аталмыш кешке түсті металлургия жоғары колледжінің студенттері қатысты.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері Мизам Жұмаәлі мұндай шаралар еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосқан азаматтардың еңбегін насихаттауға арналады дейді.

— Темірбек Жүргенов – Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі. Мемлекет қайрат-керінің мерейтойы қарсаңында есімін ардақтап, ұрпақтардың санасын жаңғырту мақсат-ында осындай кешті ұйымдастырдық. Әрине, бұл біз атап өткен жалғыз іс-шара емес. Алдағы уақытта жергілікті білім ордаларының қабырғаларында тағы да бірқатар шара өтпек, — дейді ол. Темірбек Жүргенов – ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист. Есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы, көсемсөз иесі саналады. Кеш барысында музей қызметкерлері Темірбек Жүргенов жайында толығырақ ақпарат беріп, әр салада атқарған еңбектерін атап өтті. Қазақ мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлғаның есімін халық жадында сақтап, өнегелі ісін жастарға үлгі ету мақсатында өткен шарада ескі де есті әндер шырқалды.

 

Айдана БОРАНБАЕВА.

Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.