Жуырда облыстық бард әндерінің фестивалі өтті. Фестиваль жас ерекшелігіне қарай үш санатта бес аталым бойынша өткізілді.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Ертіс қоңырау үні — 2023» дәстүрлі бард әндері фестиваліне қаладағы 23 орта мектептің 1-11-сыныптарының 55-тен астам оқушысы және дарынды балаларға арналған №8 мамандандырылған мектептің оқушылары қатысты.

Іс-шараны Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы ұйымдастырды.

Фестиваль қорытындысы бойынша 59 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде бірінші орынды – 35, екінші орынды – 17, үшінші орынды
8 қатысушы иеленді.

– Ұлы музыканттардың бірі: «Кез келген аспап тыныштықты бұзады, ал гитара керісінше тыныштық орнатады» деген. Ал сырласу үшін бард әні тек тыныштықты қажет етеді, – дейді қазылар алқасының төрағасы, ақын, «Күміс ішектер» авторлық ән клубының мүшесі Людмила Бевз.

 

Өз тілшіміз.