Соңғы кездері Павлодар облысы бойынша интернет-алаяқтықтың фактілері жиілеп кетті. Өткен 2023 жылы тек Павлодар қаласының аумағында алаяқтарға алданудың 17 оқиғасы тіркелген. Келтірілген залал сомасы 13 млн теңгені құрады. Желілік аферистердің құрбаны болмау үшін не істеу керек? Интернет-алаяқтықтан қалай сақтануға болатынын Павлодар облысы полиция департаменті «Cyberpool» жедел-тергеу тобының жетекшісі, полиция майоры Ренат Ахметзянов айтып берді.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу – полицейлер жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Полиция қызметкерлері ешкімге жеке және құпия деректерді бермеу керектігін ескерткенімен, желілік аферистер «өз құрбандарының» жеке мәлі-меттерін біліп алып, банк карталарындағы ақшаны аударып алады. Әккі алаяқтар бұрын көбіне зейнеткерлерді тақырға отырғызып кететін. Ал кейінгі жылдары жоғары білімді жастар да интернеттегі алаяқтардың «құрбаны болуда».

Облыстық полиция департаменті «Cyberpool» жедел-тергеу тобының жетекшісі, полиция майоры Ренат Ахметзяновтың айту-
ынша, қылмыскерлер интер-нетті пайдаланушыларды алдап, олардың ақшасын қолына түсіру үшін жалған сайттар жасайды. Әртүрлі әдіс-тәсілдермен – әлеуметтік желілер, электрондық поштаға жіберілген спам, мәтіндік жарнама арқылы осы сайттарға адамдардың қызығушылығын оятады. Көбінесе олар нарық бағасынан әлдеқайда арзан тауарлар мен қызмет түрлерін ұсынады. Оның уақыты немесе саны шектеулі екенін мәлімдеп, шешім қабылдауға асықтырады. Бірақ төлем жасағаннан кейін сатып алушы уәде етілген затты сол күйі алмайды. Ал алаяқтардың қолында тек ақша ғана емес, сонымен қатар, банктік картаның деректері де қалады.

– Алаяқтық әрекеттердің ішіндегі кең таралғаны – тегін хабарландыру сайттары арқылы адамдарды алдап-арбап, ақша жымқыру. Айлакерлер «ОLХ» пен «Kolesa.kz» сынды тегін хабарландыру сайттарынан бөлек, бүгінгі күні ең танымал әлеуметтік желілердің бірі –
Instagram парақшасы мен түрлі мессенджерді пайдаланады. Қазір алаяқтардың әрекетіне алданып қалмау жолы жөнінде түрлі ақпарат көздері көп. Алайда мұндай қылмыс жасау тәсілі тез жаңаланады. Алаяқтар үнемі өз әдістерін өзгертіп отырады. Жақында Павлодар қаласының құқықтық тәртіп сақшылары қоғамдық көліктерде, сауда үйлерінде алаяқтардың қулықтарына қалай түспеу керектігі туралы кеңес беріп, жергілікті тұрғындарға түрлі ақпараттық брошюралар таратты. Трамвайлардың, автобустардың жолаушыларына және сауда үйлерінің қызметкерлеріне интернет-алаяқтардың қалай жұмыс істейтіні туралы айтылып, қаскүнемдердің құрбаны болмас үшін қарапайым ережелерді еске салды. Мәселен, сіз өзіңіздің жеке деректеріңізге, оның ішінде банк картасының артындағы CVV кодын, PIN кодтарын және SMS хабарламаларындағы бір реттік кіру кодтарын ешкімге сеніп тапсыра алмайсыз. Бұл құпия дерекпен ешкіммен бөлісуге болмайды. Бірінші кезекте телефон арқылы қоңырау шалып тұрған – «банк қызметкеріне». Себебі банк қызметкерлері мұндай қоңырау шалуға, құпия деректерді сұрауға, клиенттің белгілі бір қаржылық операциялар жасауын талап етуге құқығы жоқ, – деді Р.Ахметзянов.

Статистикалық мәлімет-терге сүйенсек, алаяқтарға алданып, ақшасынан айрылып қалғандардың басым бөлігі –
электронды сауда жасаған адамдар. Онлайн тәсіл арқылы несие ресімдеу де азаймай тұр. Сол сияқты мұндай деректерді әшкерелеу қиын екенін полицейлердің өзі де мойындап отыр.

– Кез келген адамның атына онлайн несие ресімделгенде тығырықтан шығар екі жол іздеуге болады. Бірақ екеуі де оңай емес. Бірі – қылмыстық, екіншісі – азаматтық кодекс аясында. Жапа шегуші ішкі істер органдарына алаяқтық дерегі бойынша шағымдана алады. Алайда қылмыскер табылып, дерек дәлелденбейінше, онлайн несие кімнің атында болса, сол өтеуге міндетті. Себебі оны алаяқтар алғанын банк алдында дәлелдеу қиын. Ал екінші жол – сот арқылы шығынды өндіріп алу жөніндегі арыз. Адам несие алмағанын сот арқылы дәлелдей алады. Ол үшін алаяқпен сөйлескен немесе хабарлама алысқан жазба болуы шарт, – деді ол.

 

Әзірлеген – А.МҰҚЫШЕВ.