Жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қауіпсіздікті сақтауда бағдаршамның қызметі зор. Қала аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жаңа бағдаршамдар орнатылуда. Биыл қажеттілігі бар аймақтарға қосымша 10 бағдаршам қойылады.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлім еткендей, түрлі түстер бойынша бағытты айқындайтын бағдаршам арқылы көлік қатынасы реттеліп, тұрғындар қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Әсіресе, үлкен күре жолдарға бағдаршамның орнатылуы жыл-дамдықты шектен асырып, қауіп төндірудің алдын алады.

— Тұрғындардың өтініштері бойынша шілде айында біз көлік қозғалысын ретке келтіру және жолдардағы қауіпсіздікті арттыру үшін жаңа 10 бағдаршам қондырғысын орнатуға кірістік. Жаңа бағдаршамдар Ломов (ИнЕУ), Ак.Шөкин (№22 ЖОББМ), Қамзин көшесі (№21 ЖОББМ), Баян батыр («Сұңқар» қонақ үй кешені), Циолковский — Кіші айналмалы жол, Баян батыр — №1 автожол, Бекқожин — Генерал Бәкіров, Бекқожин — Ткачев көшесі, Естай — Академик Бекмаханов, Катаев — Гагарин көшелерінде орнатылады.

Қазіргі уақытта 2 нысан бойынша жұмыстар аяқталды, қалған 8 нысанды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда, — деді шаһар басшысы.

А. МҰҚЫШЕВ.