«Заң және тәртіп қағидаты» – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі элементі. Басқа да көптеген елдегі сияқты Қазақстанда да басты сын-қатерлердің бірі жемқорлық болып қала береді. Ол билік институттарына деген сенімді кетіреді, экономикалық өсуді баяулатады және азаматтардың өмірінің сапасын төмендетеді. Бұл құбылысқа тиімді қарсы күресу үшін заңнаманы күшейтуді, мемлекеттік басқарудың айқындылығын және қоғамның белсенді қатысуын қамтитын кешенді стратегия қажет.
Қазақстан соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты белсенді түрде жүргізуде. Елімізде жемқорлық қылмыс үшін жазаны күшейту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және т.б. сияқты маңызды заңнамалық шаралар қабылданды. Жемқор-лықты түбегейлі жою бойынша сәтті жұмыс үшін әлемдік аренада жақсы жағымен сипатталған алдыңғы әдістер қолданылуда. Оның қата-рында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының негізгі векторы, әсіресе жемқорлық құқық-бұзушылықтардың алдын алуға жылжу бар.
Дегенмен, жемқорларды жазалау жазаның қолданылмай қалмайтын қағидасын қолдау үшін маңызды, бір ғана заңды күшейту жеткіліксіз. Жемқорлыққа қарсы қатаң заңдары бар, бірақ алдын алу жұмыстары әлсіз елдерде жеморлық әлі де жалғасуда. Бұл ретте бастапқы себептерді жоймай, жемқорлықпен күрес тұйық шеңберге айналады.
Қылмыстың мұндай түрі тергеу және сот процестері маңызды ресурстарды талап етеді. Алдын
алу шаралары, керісінше ысырап жасауға және экономикада залалға жол бермеуге мүмкіндік береді. Сонымен, жемқорлықтың алдын алу жұмыстары қылмыскерлерді жазалау және жасалған қылмыс-тармен келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз етуге, яғни жемқорлықтың салдарымен күре-суге бағыт-талған қылмыстық-құқықтық шараларға қарағанда жемқорлықты жоюда негізгі рөлді атқарады. Себебі, ол сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін жағдайларды жоюға бағытталған.
Ұзақмерзімді болашақта алдын алу жұмыстары не себепті аса тиімді екенін қарастырсақ, бірқатар нақты мысалды алға тартуға болады. Мысалы, мемлекет бизнесті жүргізу үшін айқын жағдайларды жасайды, бюрократиялық тосқауылдарды жойып, теріс пайдаланушылық үшін мүмкіндіктерді азайтады, сол арқылы пара беру немесе алу мүмкіндігі төмендейді. Осы қағиданы қолдау мақсатында үшінші жыл қатарынан «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асырып келеміз. Өткен жылы 10 кейс іске асып, соның барысында 700-ден астам бизнес өкілінің құқықтары қорғалды. Мәселен, бизнесті қорғау саласында жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2024 жылдың екінші жартыжылдығына біліктілік талаптарының сәйкестігіне тексеріс кестесін қалыптастырып, оған 617 тексеру объектісі қосылған. Кесте адамның қатысуынсыз тәуе-келдерді бағалау және басқарудың ақпараттық жүйесімен дайындалып, «Smart Data Ukimet» платформасында ҚР ЦДИжАӨМ Цифрлық үкіметті қолдау орталығы арқылы жүзеге асты. Тексеріс кестесінде көрсетілген мәліметтерді зерттеу және талдау негізсіз тексеріс тағайындау фактілерінің бар екенін көрсетті. Мысалы, кестеге 2022-2023 жылдары тіркелген бірнеше шағын кәсіпкерлік субъектісі қосылған. Бұл ретте, Кәсіпкерлік кодексінің 131-бабына сәйкес, жоспардан тыс тексеріс-терді қоспағанда шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде оларға қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады. Осылайша, тексеріс кестесіне 400-ден аса объекті негізсіз қосылған, соның ішінде кәсіпкерлер де бар.
Сондай-ақ, сәулет және қала құрылысы саласында кәсіпкер-лердің құқығына шек қою фактісі анықталды. Лауазымды тұлғалар қала кәсіпкерлерінің біреуінің коммерциялық нысан салу жобасын бекітуден 5 рет бас тартқан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінгеннен кейін мемлекеттік орган барлық қажетті рұқсатқұжаттарды ресімдеді. Алайда әкімшілік тосқауылдарды жою парасатты азаматтар мен бизнесті жемқорлықтан толығымен қорғай алмайды.
Сыбайлас жемқорлық кеңінен тараған кезде адал адамдар мен компаниялар тиімсіз жағдайға тап болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-жүйе сияқты
алдын алу шаралары бизнеске және адамдарға ереже бойынша жұмыс істеуге көмектеседі. Осыған байланысты квазимемлекеттік секторларда және жеке құрылымдарда комплаенс ережелерін ұйымдастыру насихатталады және оны қолдаймыз.
Облыстың Сыбайлас жемқор-лыққа қарсы комплаенс қызметінде 79 комплаенс-офицер бар, олардың 3 акционерлік қоғамдарда, 46 – ШЖҚ РМК, 4 – РМК және 7-ЖШС-да жұмыс істейді. Нормативтік талаптардың сақталуын жақсарту және заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша жұмыс тиімді-лігін арттыру шегінде 2024 жылы комплаенс-офицерлермен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында корпоративтік стандарттарды, жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау, сондай-ақ ұйымдарда ақпараттандыруды арттыру мен ішкі бақылауды жақсарту мәселелері талқыланды. Кездесуге қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, аймақта комплаенс-шаралардың тиімділігін арттырудың жолдарын талқылады. Біз бірінші кезекте комплаенс-офицерлердің кәсіпқойлықтарын арттыруға мүдделі болғандықтан, ұқсас тақырыптық сабақтар тұрақты түрде өткізіледі.
Жемқорлықпен күресуде тағы бір маңызды буын — әкімшілік процестер мен көрсетілетін мемлекет-
тік қызметтердің цифрлануы және айқындылығы. Қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Мысалы, «Білім беру ұйымдарында бірыңғай цифрлық бухгалтерия» пилоттық жобасын жүзеге асырудың қорытындылары шығарылды. Оның барысында білім беру басқармалары пайдаланатын базаларда «Фаворит» АЖ белгіленген нормадан жоғары жалақы аударуға, сол сияқты төлем құжатына қате дербес деректерді енгізуге жол бермейтін механизмдер енгізілді. Қазынашылықтың есептеу-төлеу тізімдемесімен ай сайынғы салыстыруы аударылған еңбек ақысының сомадағы айырмашы-лығын уақытында анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, бюджеттік қаражаттың одан әрі ұрлануының алдын алады.
Жүргізілген жұмыстың нәтиже-сінде бюджеттік қаражатты жымқыру фактілері едәуір азайды. Мысалы, 2023 жылы білім беру саласында бюджеттік қаражатты ұрлаудың 11 фактісі тіркелсе, 2024 жылы небәрі 5 факт болды. Оның өзі өткен жылдардың оқиғалары бойынша тіркелген, яғни 2024-2025 жылдары жымқырудың жаңа фактілеріне жол берілген жоқ. Осы бағытта жұмыс жалғасуда. Жақын арада басқа да әлеуметтік салаларға оң тәжірибені тарату жоспарда бар.
Тағы бір маңызды элемент – қоғамдық сананы өзгерту және жемқорлықпен күресуге қоғамды тарту. Алдын алудың маңызды бөлігі – қоғамда жемқорлыққа төзбеу-шілікті қалыптастыру. Құқықтық ағарту, мектептер мен жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу, сонымен қатар азаматтық қоғамды мемлекеттік органдардың бақылауына тарту бойынша бағдарламалар адалдық мәдениетін қалыптастырады.
Жемқорлық – ол қылмыс қана емес, сондай-ақ қоғамның дамуы мен мемлекеттілікке қауіп. Бұл құбылыспен күресу тек қоғамның барлық қабатының күші бірік-кенде нәтижелі болады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Жемқорлықпен күресу —
бұл біржолғы науқан емес, әр азаматтың қатысуын талап ететін жүйелі және күнделікті жұмыс. Тек қана бірлескен күш арқылы біз бұл мәселені түбегейлі жойып, қоғамда әділдікті қамтамасыз ете аламыз».
Сонымен бірге, әділдік үшін күрескен Нельсон Мандела: «Егер сіз әлемді өзгерткіңіз келсе, өзіңізден бастаңыз» деп атап өткен. Жемқорлықпен күресуде әрқайсымыз өз үлесімізді қоса алатын уақытта бұл сөздер бүгін де өзекті болып қала береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау үшін Департамент 123 іс-шара өткізді. Олардың 29-ы жастар, 36-сы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың жұмыс-шылары үшін, 25-і бизнес және квазимемлекеттік сектор және 18-і облыс аудандарының жергілікті тұрғындары үшін ұйымдастырылды.
Облыстың қалалары мен аудандарында 90 баннер орнатылды, көшелердегі Led-экрандарда жем-
қорлыққа қарсы сипаттағы бейне-роликтер таралуда және 13 мыңнан астам үлестірме материал таратылды. «ErtisTV» телеарнасында Агенттіктің 1424 Cаll-орталығының жұмысы туралы сюжеттер, облыс-
тың театрларында жемқорлыққа қарсы тақырыпта қойылымдар көрсетілді.
Мемлекеттік қызметшілер үшін қылмыстық-атқару жүйесінің түзету мекемелерінде тәрбиелік экскурсиялар жүргізіледі. 2024 жылдың маусымында Баянауыл мемлекеттік табиғи саябағында 40 оқы-
тушы және жоғары оқу орындары мен колледждердің комплаенс-офицерлері үшін жемқорлыққа
қарсы жазғы мектеп өтті. Өткен жылдың 9 желтоқсанында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай іс-шара ұйымдастырды. Кездесу Жастар бастамасын дамыту орталығының алаңында өтті. Оған аймақтың жетекші колледждерінің, атап айтқанда Инновациялық Еуразия университетінің Жоғарғы колледжі, Павлодар машина жасау колледжі, Павлодар технологиялық колледжі, Жоғары инновациялық көппрофильді колледжі, Түсті металлургия жоғарғы колледжі және Павлодар монтаждау колледжінің студенттері қатысып, жемқорлыққа қарсы заңнама және әдеп стандарттарын білуіне «Brain Ring» зияткерлік ойыны өткізілді. Жеңімпаздар ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды. Іс-шара барысында жемқорлыққа қарсы қозғалысқа өз үлестерін қосқан жас белсенділер ескерілді. Олар өз құрдастарының алдында үлгі бола отырып, адалдық пен ашықтықты жылжыту бойынша жобаларға белсенді қатысады.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске қосылып, оған облыстың 96 тұрғыны өз еркімен қосылды. Жобаны жүзеге асыру басында волонтерлер қоғамдық бақылау бағыты бойынша 9 кейсті жүзеге асырды. Мемлекеттік сатып алулар сайтын мониторингтеу арқылы олар жалпы сомасы 308 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз шығындаудың алдын алды. Мысалы, волонтерлердің жүгінуі нәтижесінде «Аэропорт Павлодара» АҚ жүк техникасын сатып алуды өзгертті, бұл бюджеттің 142 млн теңге сомасын шығындауды қысқартты. Сонымен қатар, волонтерлер теміржол көпірін сәулеттік жарықтандырудың алдын алды. Оған бюджеттен 134 млн теңге шығындау жоспарланған болатын.
Сол сияқты, волонтерлер аймақтың проблемалық нысандардың құрылысына мониторинг жүргізеді. Ақтоғай ауданының Жамбыл және Барлыбай ауылдарында су құбырын қолданысқа берген кезде бұзушылықтар анықталды, яғни тиісті актілерді ресімдемей тапсырған. Сондай-ақ, Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында волонтерлер «Халық заңгері» жыл сайынғы жалпыреспубликалық науқанын жүргізді. Соның аясында әр түрлі саладағы 40-тан астам кәсіби заңгер азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті. Жемқорлыққа қарсы мобильді топ облыстың барлық ауданына шығып, адамдар көп жиналған орындарда 800-ден аса азамат құқықтық кеңестер алды.
Осылайша, дамыған мемле-кеттердің тәжірибесі жемқорлықпен сәтті күрес тек жазалаудан емес, алдын алу шараларынан да жасалатынын көрсетті. Қазақстан бұл бағытта қадам жасай бастады, бірақ шынайы прогреске қол жеткізу үшін алдын алу механизмдерін күшейту, жаңа технологияларды енгізу және қоғамды белсенді түрде тарту қажет.
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу барысында жемқорлық тәуекелдерді және жемқорлықтың алғышарттарын жою бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. Бұл ретте кешенді шаралар ғана бізді болжамды нәти-жеге жеткізетінін ескерген жөн.
Медет АМРАЛИНОВ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы.