Көші-қон полициясының қызметкерлері Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылдық округінің аумағында шетел азаматтарының заңсыз еңбекке тартылғанын анықтады.

Өзбекстанның 6 азаматы екі қабатты ғимараттың құрылысын жүргізген. Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі бастығының міндетін атқарушы Азамат Елеутаев шетел азаматтары жұмысқа құжатсыз орналасқанын айтады. Келісімшарт жасалмаған. Оларға қатысты әкімшілік материал толтырылып, іс сотқа жіберілді. Сонымен қатар, жұмыс беруші айыппұл арқалады.

Жыл басынан бері облыста заңсыз еңбек етудің 307 фактісі анықталған. Сондай-ақ, жұмыс ұсынған 105 адам жаза арқалады.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.