Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде 100-ге жуық жергілікті кәсіпкердің мәселесін шешкен. Мәселелердің көпшілігі бағдарламаларды пайдалану және гранттар беру кезінде пайда болған.

Бұл туралы Өңірлік коммуника-циялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Медет Амралинов мәлімдеді. Медет Тұрсынтайұлы хабар-лағандай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті осы жылдан бастап «Бизнеске жол» жобасын іске асыруда.

— Осы жоба аясында департаментке 52 бизнес субъектісі жүгінді. Департамент, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде 108 кәсіпкердің құқығына нұқсан келтірген 19 проблемалық кейс оң шешілді. Мысалы, департамент мемлекеттік гранттар беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде гранттар алуға үміткер өңірдің 2 мыңнан астам кәсіпкерлерінің мүдделерін қозғаған жүйелі бұзушылықтар анықталды, — дейді ол. Сонымен қатар, осы жылдың шілде айында салық салу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген. «Wipon» бағдарламасын теріс пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.  Салық органының қызметкерлері кәсіпкерлердің бұзушылықтары туралы өздері хабарлаған және сол үшін сыйақы алған фактілер анықталды. Бұл өтініштер бизнес субъектілеріне қатысты тексеру іс-шараларын жүргі-зуге негіз болды. Мысалы, Павлодар ауданында «Wipon» бағдарламасы арқылы чек бермеу туралы түскен 35 өтініштің ішінен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының іс жүргізушісі 30 өтініш жасаған. Сондай-ақ, бір көзден мемлекеттік сатып алу саласының мониторинг қорытындысы бойынша елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Өңірдің бірқатар мемлекеттік мекемесі қандай да бір конкурстық рәсімдерді өткізбестен жеткізушілердің шектеулі тобымен бір көзден алу тәсілімен шарттар жасасқан. Бір көзден сатып алу жүргізіп, мемлекеттік сатып алу қағидаларын бұзғаны үшін мемлекеттік мекемелердің 13 басшысы әкімшілік жауапкерші-лікке тартылды және оларға жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Айдана БОРАНБАЕВА.