Ақсу қаласында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Полиция сараптама тағайындалғанын атап өтті. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. — 2024 жылдың 3 қаңтарында Ақсу қаласында М.Әуезов көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде «ВАЗ-201061» маркалы автомашинаның жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жолкөлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жүгінді. Тексеруден кейін үйге жіберілді. Автокөлік айып тұрағына қойылды, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

 А.МҰҚЫШЕВ.