«Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында Павлодар қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, үй жануарларына чип салу жұмыстары жайлы түсіндіруде.

Сол арқылы халықты саладағы жаңа өзгерістермен таныстырып, оған түсіністікпен қарауға шақыруда.

— Мамандар үй жануарлары иесін жоғалтып алса және басқа да жағдайларды анықтау үшін оларға міндетті түрде чип салу қажеттілігі жайлы хабарды халыққа жеткізуде. Заңнамадағы бұл өзгерістер 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі деп жоспарланып отыр. Облыс тұрғындары осы мәселеге жауапкершілікпен қарап, қолдау көрсетеді деген үміттеміз, — дейді Павлодар қаласының Оңтүстік ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Серғазинов. Айта кетерлігі, чип салудағы басты мақсат — үй жануарларын көшеге қараусыз қаңғытып жіберу және олардан төнетін қауіп-қатерлердің алдын алу.

 

 Н.ШОДЫР.