Қазіргі таңда даулы мәселелер ұлғайып, азаматтардың сот органдарына жүгінуі артқан. Оған сотта қаралатын азаматтық және әкімшілік істер санының жыл сайын артуы дәлел. Биыл Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына тапсырылған талап- арыздың негізінде 800-ге жуық іс қозғалды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Әділет Бақтияров ағымдағы жылдың тоғыз айында Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 704 әкімшілік іс түскенін мәлім етті.

— Түскен және өндірістегі 769 істің 426-сына талап қоюы қайтарылды, бұл түскен талап қоюлардың жалпы санынан 55,4 пайызын құрайды. Сондай-ақ, тараптардың татуласуына байланысты 117 іс қайтарылды. 244 іс шешім шығарумен аяқталды, оның 92-сі немесе 37,7 пайызы қанағаттандырылды. Бұдан басқа, 2023 жылы әкімшілік істерді қарау қорытындысы бойынша 53 жеке ұйғарым шығарылды. Айта кету керек, талаптарды қайтарып алған жағдайлар да кездеседі. Мәселен, 184 істі талапкерлердің өзі кері қайтарып алса, 117-і медиация келісімімен тоқтатылды. Сондай-ақ, заң бұзушылықтар үшін 2 млн теңгеден астам сомасында 33 ақшалай айыппұл салды, — деді сот төрағасы. Сонымен қатар, Әділет Бақтияровтың айтуынша, облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жергілікті тұрғындардан көбінесе зейнетақы, сәулет және коммуналдық шаруа-шылық мәселелеріне қатысты арыз-шағымдар жолданады. Азамат-тардың мемлекеттік органдармен жиі байланысқа түсетін тұрғын үй, жер және салық даулары бар.

– Келіп түскен талап- арыздар санына сәйкес сот орындаушыларының іс-әрекетіне шағымдану бойынша істер жетекші болып, бұл мәселеге байланысты 180 іс түскен. Сондай-ақ, тұрғын үй бойынша 75, жер бойынша 84 және салық дауы бойынша 85 іс түсті. Сот орындаушысының әрекетін даулайтын істерді айтатын болсақ, олар атқарушылық іс жүргізуге қатысушы келіспей, сотқа жүгінуге мәжбүр болғаннан кейін туындайды. Яғни, борышкер болсын, тіпті талап қоюшы болсын, белгілі бір шешіммен келіспесе, сотқа жүгінеді, біз бұл мәселелерді тексеруге кірісеміз, — деп толықтырды спикер. Бұдан бөлек, баспасөз жиыны барысында Павлодар облысы №2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Талғат Нұрғалиев сот шешімімен әкімшілік органның өкіліне 1 ақшалай айыппұл, іске мүдделі тұлға болып табылатын заңды тұлғаның директорына және жеке сот орындаушысына ақшалай айыппұл салынғанын атап өтті.

— Ағымдағы жылдың тоғыз айында негізінен жергілікті атқарушы органдарға 13 жеке ұйғарым шығарылды. Өз міндет-терін орындамағаны үшін қызметтік міндеттерін бұзған тұлғаға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 3 ақшалай айыппұл салынды. Ақшалай айыппұлдың жалпы сомасы 207 мың теңгені құрады. Ал тараптардың татуласуына келер болсақ, мұндай 14 факті тіркелген. Дегенмен, ерекше орын алатын істердің жеке санаты бар. Мәселен, қараусыз қалған пәтерлер бойынша тұрғын үй даулары. Көптеген қараусыз қалған пәтерлерге кейбір адамдар рұқсатсыз көшіп келеді. Кейбірін жергілікті атқарушы органдар қоныстандырады. Міне, енді олар жалға алушы ретінде тануды, яғни үйді жалға алу шартын жасасуды талап етеді. Мұндай даулар өте көп, — деді Т.Нұрғалиев.

А.МҰҚЫШЕВ.