Қарағай тұқымы жетпеген

Сәу 10, 2025
Photo Valeriy BUGAYEV

Көктем мезгілі келісімен қоршаған ортаны қорғау, табиғи аумақтағы ұйым-дардың жұмысын қадағалау басты назарға алынады. Өңірлік сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз ағаш кесу және жер қатынастары мәселелерін талқылады. Кездесуде аймақтағы көшет пен тұқым материалдарының тапшылығы да сөз етілді.

Бүгінде орман қорғау мекемелері қызметінің ұйымдас-тырушылық басқару және тұтынушылармен байланыс орнату сатыларында жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Әсет Оспанов брифинг барысында статистикалық деректерге сүйеніп, соңғы 5 жылда орман қорының 2 мың шаршы метр көлемі жойылып, 216 жағдай тіркелгені және шығын мөлшері барлығы 65 млн теңгеге бағаланғанын айтты.

– Айта кетерлігі, резерваттың Шалдай филиалында 12 млн теңгеге бағаланатын қарағай тұқымының жетіспеушілігі анықталды. Бүгінгі таңда тұқым резерваттың балансына қайтарылды. Аймақтағы орман ресурстарын қалпына келтіру де басты мәселелер қатарында ерекше орынға ие. Көшет пен тұқым материалдарының тапшылығы да қосымша қаражаттың бөлінуін талап етеді. Орман жағдайын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынбақ, – дейді ол.

Өткен жылы қылмыстық істер қаралып, ұйымдар өз жұмысын тоқтатқан. Биыл алдын алу шаралары түбегейлі түрде жүргізілуде. Алайда бюджет шығындарын алдын ала болжау тендерлерде жемқорлық қаупін, әсіресе көшеттерді сатып алу барысында арттыруы мүмкін. Ұрлану шараларының алдын алу мақсатында бақылау жұмыстары жиі өткізілуі тиіс.

Қазіргі таңда өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ерекше қорғалатын табиғи аумақ-
тардағы жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы бойынша 35 ұсыныс енгізген. Оның үшеуі орындалып, қалғаны қолға алынған.

Салтанат ҒАББАС.