Осы жылдың алғашқы 7 айында қауіпсіздік белдігін тақпағаны және ережелерді сақтамағаны үшін 800-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.

Павлодарлық полицейлер мұндай жағдайға жол бермес үшін көлік жүргізіушілері қауіпсіздік белдігін тағуы тиіс екенін ескертеді.

— Әрбір автокөлік жүргізушісі қауіпсіздік белбеуі жол-көлік оқиғаларына көп көмектесетінін біледі. Автокөлікке қауіпсіздік белдігін тағу — жүргізуші мен жолаушылардың өмірін қорғаудың маңызды әрекеттерінің бірі. Белдік ауыр жарақаттардың алдын алуға көмектеседі және апаттар кезінде өлім-жітім қаупін азайтады. Сонымен қатар, апат немесе қатты тежеу жағдайында бекітілген қауіпсіздік белдігі жүргізуші мен жолаушыларды орнында ұстайды, бұл көлік құралының ішкі элементтерімен соқтығысуға немесе терезеден, көліктен ұшып кетуге жол бермейді. Өкінішке қарай, оны іс жүзінде бәрі бірдей қолдана бермейді, — делінген облыстық полиция департаментінің ақпаратында.

Н.ШОДЫР.