Облыстық полиция департаментіне Павлодар қаласының орталық жағалауында жүгіріп жүрген елік туралы қоңырау келіп түсті. Жағалауда серуендеп жүрген азаматтар жануарды қызықтап, тамашалап тұр екен.
Оқиға орнына келген Павлодар полицейлері орман шаруашылығы және ветеринария инспекторымен бірге жануардың денсаулығын тексерді. Еліктің денесінен ешқандай зақым табылмады. Бұдан кейін «қала қонағы» Ертіс өзенінің жайылмасына автокөлікпен жеткізіліп, табиғи мекендеу ортасына жіберілді, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция департаменті мұндай жағдайларда жабайы жануарды басқа жерге ауыстыруға болмайтынын еске салып, қала тұрғындарын қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға шақырады. Жабайы жануарлардың тағдырын 102 жедел арнасына қоңырау шалып, құзыретті мамандарға тапсырған дұрыс
Өз тілшіміз.