Аймағымызда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесімен полиция басқармасы мен бөлім-деріндегі инспекторлар айналысады. Олар қоңырау түскен бойда оқиға орнына жедел жетіп, отбасылық жанжалдың себебін анықтады.

Облыстық полиция департамент-індегі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліміне түскен жандарға кеңес беріліп, құқықтық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар да жәрдемдеседі. Үйсіз қалған отбасылар дағдарыс орталығына орналастырылып, оңалтудан өтеді.

— Жыл басынан бері дағдарыс орталығына кәме-летке толмаған балалары бар және қиын жағдайға тап болған 3 әйел орналастырылды. Олардың үшеуі де полицияға өздері хабарласып, көмек сұраған. Әйелдердің бірі оңтүстік өңірден Успен ауданына көшіп келген. Күйеуі екеуі арасындағы жанжал ақшаның жоқтығынан туындаған. Отағасы ауылда жұмыстың жоқтығын алға тартып, жұмыс істеуден бас тартқан. Жұбайының наразылығына ол жұдырық ала жүгірген. Бүгінде балалар мен әйел орталықты паналауда. Олармен қажетті жұмыс жүргізілуде, — дейді Павлодар ауданы полиция бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Арина Мусина.

Атап өтерлігі, орталықта әйелдер балаларымен 1 жылға дейін тұра алады. Осы уақыт ішінде оңалтудан өтіп, әлеуметтік, психологиялық көмек алады. Мамандар балаларды мектепке, балабақшаға орналастыруға көмек-теседі. Сонымен қатар, әйелдердің жұмысқа тұруына жәрдемдеседі. Инспекторлар дағдарыс орталығына барып, әйелдердің жағдайымен танысып, әңгімелеседі. Күйеуінен опық жеген әйелдерге жаңа заң талаптары да егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.