Қазақстан алғаш рет әлемнің «орта державалар» тізіміне кірді. Германияның «Ғылым және саясат» (SWP) атты атақты ғылыми-сараптамалық орталығы «Орта державалар — халықаралық саясатта маңызды факторлар» көлемді мақалалар жинағын жариялады.

 

SAYASAT.KZ редакциясы аталмыш жинақты зерделеп, қысқаша шолу жасапты. Әдетте «орта державалар» ұғымы деген әлемдік саяси және экономикалық аренада маңызды рөлге ие мемлекеттерді білдіреді. Түркия, Израиль, Үндістан сияқты елдер кіретін SWP орта державалар тізіміне Қазақстан алғаш рет еніп отыр.

SWP орталығы Германияның үкіметі мен парламентімен әріп-тестігін ескере отырып, Еуропалық одақ Орталық Азия елдеріне, атап айтқанда Қазақстанға көбірек назар аудара бастағанын болжауға болады.

Сыртқы саясат тұрғысынан, SWP мамандарының пікірі бойынша, Қазақстан өзінің сыртқы саясаты бойынша орталық азиялық мемлекеттер арасынан айтарлықтай ерекшеленіп тұр. Бұл оны осы аймақтағы негізгі ойыншыға айналдырды. Нақтысы, Қазақстан біртіндеп Батыспен және Қытаймен, әсіресе, шикізаттық секторда экономикалық қатынастарын дамытуда.

Көршілес Ресей мен Қытайдың ұтымды жағдайы кезеңінде Қазақстанның сыртқы саясатының миссиясы сыртқы байланыстардың барынша кең спектрі арқылы екі өңірлік державаның ықпалын тежеуде жатыр, бұл өз кезегінде іс-қимыл кеңістігін барынша кеңейтуге мүмкіндік береді. Мұндай көзқарасты сарапшылар одақтар мен серіктестерге қатысты прагматикалық қарым-қатынас деп сипаттайды, бірақ, бірлескен өңірлік дамуға деген айқын ұмтылыс екенін атауда. Басқаша айтқанда — «Тәуелсіз бастамалар негізіндегі ортақ жауапкершілік».

Жауапкершілікке келетін болсақ. Сарапшылар Қазақстан бастапқы кезеңде халықаралық саясатта өзінің амбициясын іске асыра алғанын мойындады. Мысалы, Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті және Сирия қақтығысында келіссөздер алаңын («Астана процесі») ұсынды. Мұнда Еуразияның бірқатар басқа ықпалды ұйымдарына мүшелік туралы да айтылады.

Қазақстанның тұрақты дамуы. Қазақстанның әріптестерін әрта-раптандыру тұрғысынан жеткен жетістіктер аз емес. Орталық Азияның көршілес нарықтарына қарағанда қазақстандық нарық 1990 жылдары бірінші кезекте мұнайдың бай қорларын барлау үшін батыс инвесторларына ашылды. Нәтижесінде, Еуропалық одақ Қазақстандағы ірі шетелдік инвестор және сыртқы саудадағы үлесі 40 пайызды құрайтын ең маңызды экономикалық әріптесі болып отыр. Өзбекстанды алсақ, ол 25 жыл оқшау саясатты ұстанды, тек 2016 жылы «әлемге ашылды».

SWP пікірі бойынша украиндық дау Қазақстанға әртараптандыру жоспарында жаңа серпіліс берді. Оған жаңа көліктік бағыттардың құрылуы, жаңартылатын энергия және өңдеу өнеркәсібі секторына инвестиция тарту бойынша ақпараттық науқан дәлел болады. Қазақстан әртараптандыруға ұмтылуда тек қытайлық «Жібек жолына» ғана емес, Еуропалық одақтың «Жаһандық қақпалар» стратегиясына да сүйенетіні сарапшылардың қызығушылық тудыруда. Бұл тұрғыдан алғанда республика «Шығыс пен Батыс арасындағы көпір» географиялық және тарихи рөлін бекемдей түседі.

Энергетика бойынша украиндық дағдарыс жағдайында Германия және көптеген ЕО елдері газ бен мұнайдың кейбір көздерінен ажырап қалды. Еуропа жаңа өзара тиімді және жауапты әріптестік қатынастар құра алатындай бұл проблеманы шешу жолдарын іздейтіні анық. Мұнай-газ секторының және жаңартылған көздері саласында потенциалды экспоттаушылар қатарында Қазақстан жыл өткен сайын сенімді сезінуде. Германияның өзі де сутектік әріптестік мүмкіндігін зерттеуде, ал бұл алдағы жылдары Қазақстанға және кейбір елдерге нарықтық билік беруге қауқарлы. Мұндай билікті Парсы шығанағы елдерінің мұнай саласына ықпалымен ұқсатуға әбден болады. Қазақстанға ол үшін өзінің лайқыты орнын ойдағыдай қажетті кезде ала қою үшін энергетикалық түрленуге дайын болу өте маңызды.

«Ғылым және саясат қорының» мақаласы еуропалықтарға өзге-рістер туралы белгі беріп отыр: енді олар бұрын стратегиялық қашықта — алыста болған елдермен де санасуға мәжбүр болады, әйтсе де, олармен серіктестік бұрында да, қазіргі таңда да, экономикалық және саяси тұрғыдан тиімді. Еуропалық елдердің ақпараттық күн тәртібінде Қазақстан экономикалық және саяси әріптес ретінде ғана емес, сондай-ақ, инвестициялар алаңы ретінде де жиі көзге түсетін болады. Оның әлқисассы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдік сапарлары аясында басталып та кетті.

Сонымен, 2023 жылғы іс сапарлары кейбір еуропалықтардың санасында Қазақстанның бейнесін өз мүдделерін идеологиялық көзқарастардан сенімді қорғайтын және дипломатиялық өнер қажет жерде өзіне жауапкершілікті алуға дайын тәуелсіз мемлекет екенін бекітіп үлгерді.

SAYASAT.KZ ақпараттық-сараптамалық медиасынан әзірленді.