Май ауданының әкімі ауысты. Аймақ басшысы Асайын Байханов аудан активіне жаңа әкімді таныстырды.
— Менің өкіміммен Әмірин Ағыбай Қойшыбайұлы Май ауданы әкімі лауазымынан босатылды. Ол облыстың жергі-лікті атқарушы орган-дары жүйесінде жаңа қызметте жұмысын жалғастырады, — деді Асайын Байханов.
ҚР Президенті Әкімшілігінің, Май аудандық мәсли-хатының келісімімен және аймақ басшы-сының өкімімен Қадылжан Сәтиев Май ауданына әкім болып тағайындалды.
Облыс әкімі алқалы жиында Ағыбай Әміринге атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, жаңа басшыға сәттілік тілеп, ауданды дамытуға күш салу керектігін тілге тиек етті.
— Ең тиімді жобаларды анықтап, оларды нақты аяқталу мерзімдерімен іске асыру
бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірлеу қажет. Барлық ресурсты жандандырып, оларды
ауданның экономикалық көрсеткіштерін арттыруға бағыттау керек, — деп атап өтті өңір
басшысы.
Айта кетерлігі, Қадылжан Қайырбекұлы 1985 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2005 жылы жеке секторда бастады. Мемлекеттік қызметті 2009 жылы «Павлодар облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып бастап, кейін басқарма басшысы лауазымына дейін
жоғарылады.
2021 жылдан бері Павлодар облысының құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарды. Қадылжан Сәтиев 2024 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен марапатталды.
Ал Ағыбай Қойшыбайұлы Әмірин облыс әкімінің өкімімен цифрлық технология-
лар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ол 1972 жылы 9 мамырда Баянауыл ауданында дүниеге келген. Үш жоғары оқу орнын тәмамдаған.
2003 жылдан бастап Ақсу қала-сының Ақжол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарса, 2006-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасында кеңесші, кейін басшысы болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы,
2014-2016 жылдар аралығында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл міндетін атқарды.
2016 — 2018 жылдары Ақтоғай ауданының әкімі, 2018 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Май ауданының әкімі қызметін атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.