«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаты Николай Арсютин Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді.

Ең әуелі Павлодар локомотив жөндеу зауытының қызмет-керлерімен кездесіп, олардың мәселелеріне құлақ түрді. Зауыт қызметкерлері коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуі, баға тұрақсыздығы мәселесін көтерді. Қызметкерлер тарапынан қойылған әрбір сұраққа мәжіліс депутаты ұтымды жауап берді. Зауыт қызметкерлері партия бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Бұдан кейін Мәжіліс депутаты С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында партия жақтастарымен кездесу өткізді. Барлық партия белсенділері, соның ішінде облыстық штаб өкілдері, түрлі деңгейдегі төрағалар мен депутаттар, саяси кеңес мүшелері облыс бойынша өзекті деген мәселелерді көтерді. Атап айтсақ, зиянды өндіріс қызметкерлерінің зейнеткерлік жасын реттеу, өрт жағдайындағы арнайы техникалардың жетіспеушілігі мен өрт сөндірушілердің жалақысын арттыру, МӘМС мәселесі, олимпиадалық емес спорт түрлерін қолдау сияқты ұсыныстар айтылды. Н.Арсютин аталған мәселелерді өз назарына алатындығын, керек болған жағдайда тиісті өкілетті және мемелекеттік органдарға сауал жолданатынын айтты. Николай Геннадьевич депутаттық іссапарын Шарбақты ауданынан бастады. Алдымен жұмыс тобы Хмельницкое ауылдық орта мектебіндегі жөндеу жұмыс-тарының мән-жайымен танысты. Одан кейін жаңадан салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыс-тарының барысын бақылады. Мердігерлермен әңгімелесу кезінде жұмыстардың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығына көз жеткізілді. Мәжіліс депутатымен кездесуге жиналған Хмельницкое ауылының тұрғындары бірнеше мәселе көтерді. МӘМС бойынша цифрландыру (қабылдауға онлайн жазылу), жоғары білікті мамандардың тапшылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді бағамен өткізуді іске асыру сынды өзекті проблемалар айтылды. Бұдан кейін Галкин ауылына жол түсіп, жұмыс тобы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Мұнда тұрғындар тарапынан спорттық құрал-жабдықтармен, білікті жаттықтырушылар құрамымен қамтамасыз ету, ірі қара малды және ұсақ малды жаюға жер телімдерін бөлу, табиғатты қорғау аймақтарында шөп пішендерін дайындау, орманшылардың жалақысын арттыру мәселелері көтерілді.

Оралхан ҚОЖАНОВ